1 тақырып. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық азаматтық бірегейлік Тақырыптың өзектілігі: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет39/48
Дата08.02.2022
өлшемі52,06 Kb.
#121082
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
Практика 1-9 тақ

Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіз Қазақстан өмірінде орын алған халық шаруашылығындағы жекешелендірудің негізгі кезеңдерін, жоспарлы шаруашылықтан көп құрылымды нарықтық экономикаға көшуі туралы, оның қиындықтары және экономиканың қазақстандық моделін қалыптастыру саясатындағы бағыттарын өрнектейтін мәнді элементтері туралы түйін шығару.
I. Сабақтың мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастарға көшіру аясындағы реформалар, соның ішінде құрылымды нарықтық экономикаға көшу туралы ойлау барысында экономикалық дамудың әрбір кезеңінің ерекшеліктерін сипаттауды, сондай-ақ қиындықтардың қатарында экономиканың шикізаттық бағытын, өнеркәсіптік кәсіпорындарда заманауи техникалық жабдықтар мен жаңа технологиялардың жоқтығын, артта қалған инфрақұрылымды, шетелдік инвестициялардың қажеттілігін және күрделі экологиялық проблемалар; Мемлекеттік мүлікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін жүзеге асыру шараларын, жекешелендіру кезеңдерін (І-1991-1992, II - 1993-1995, III - 1996-1998, IV - 1999 – қазіргі уақытқа дейін); Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, бұл стратегия елді үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономиканы жаңғырту мүмкіндіктері, іске асырудың басты құралдары ретінде мемлекеттік даму институттары - «Қазақстанның Даму Банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және басқалары туралы; «Нұрлы Жол – болашаққа жол» экономикалық бағдарлама, іс жүзінде, экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты туралы, 2012 жылдың қараша айында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдаудағы маңыздылығы туралы толық түсінікті қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет