1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Туризм саласында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар



Pdf көрінісі
бет57/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

15.2 Туризм саласында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар
Халықаралық туризмді дамытуды реттеу халықаралық ұйымдардың
ұлттық агенттіктер, қорлар мен ассоциациялар қызметі негізінде жүзеге 
асады. Қазіргі уақытта, келесідей анықтама кеңінен қолданылады: 
«Халықаралық ұйымдар адамзат қызметінің қандай да бір бөлігінде (саясат, 
экономика, әлеуметтік және мәдени өмір, туризм) жалпы мақсатқа жету 
үшін мемлекеттік немесе үкіметтік емес сипаттағы ұлттық қауымдастық 
бірлестіктер негізінде құрылады».

В.А. Квартальновтың ойы бойынша туристік ұйымдарды келесідей 
жіктеуге болады:

- ұлттық-аумақтық – халықаралық, аймақтық, республикалық және 
ұлттық ұйымдар; 
- қоғамдық-мемлекеттік –үкіметтік, қоғамдық, жеке; 
- қызмет түрі бойынша – реттеуші, жеткізуші, нарық агенттері, кеңес 
берушілер, кәсіби ассоциациялар, жобалық және т.б.; 
- қызмет саласы бойынша – көліктік, туристік агенттер, туропера-
торлар, жергілікті кәсіподақтар. 
Қазір халықаралық деңгейде туризм саласында келесідей ұйымдар 
қызмет атқарады: 
- Дүниежүзілік туристік ұйым
(ЮНВТО, 
World 
Tourism 
Organization) – БҰҰ мамандандырылған мекемесі, туризм және саяхат 
саласына мамандандырылған жетекші халықаралық ұйым.
1925 жылы Халықаралық ресми туристік ұйымдардың Халықаралық 
конгресі құрылды, ол 1947 жылы ресми туристік ұйымдардың Халықаралық 
одағы (РТҰХО) ретінде қайта құрылды. 1975 жылдың 2 қаңтарында 
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) құрылды, ол РТҰХО орнын басты; 
- студенттік туризмнің Халықаралық конфедерациясы (International Stu-
dent Travel Confederation - ISTC), 1949 жылы БҰҰ бастамасымен құрылған. 
Берілген ұйымның негізгі мақсаттары: студенттік туризмнің дамуы және 
білім беру мен мәдени алмасуға көмек көрсету, түрлі елдер мен мәдениеттер 
туралы 
білімдерді 
таратуды 
мадақтау, 
халықтар 
арасындағы 
өзаратүсіністікті бекітуге көмек көрсету болып табылады; 

Международные организации // Официальный сайт электронного словаря 
www.wikipidia.ru

Квартальнов В.А. Теория и практика туризма / М.: Финансы и статистика
2003


- Халықаралық қонақ үй ассоциациясы, 1946 жылдың 18 наурызында 
Лондонда қонақ үй иелерінің швейцарлық қоғамы бастамасымен құрылды. 
Халықаралық қонақ үй қызметкерлерінің ассоциацияларының қызметтерін 
(1869 жылы пайда болды) және Халықаралық қонақ үй одағын (1921 жылға 
дейін тіршілік еткен) біріктіре отырып, құрылды; 
- Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (International Civil Avia-
tion Organization - ICAO), 1944 жылы АҚШ бастамасымен Халықаралық 
азаматтық авиация туралы Конвенцияға (Чикаго конвенсиясы) қол қою 
нәтижесінде құрылды. Өз қызметін, 1948 жылдан бастап БҰҰ 
қамқорлығымен, арнаулы келісім негізінде, жүргізеді. Штаб-квартирасы 
Канадада (Монреаль қ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет