1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Қазақстанның туристік-рекреациялық аудандары



Pdf көрінісі
бет17/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

 
5.4.2 Қазақстанның туристік-рекреациялық аудандары
Соңғы кездері Қазақстанда туристік-рекреациялық саланың дамуына көп 
көңіл бөлінуде. Халықты жақындастыратын, ғаламшардың әр түкпіріндегі 
мәдениетті, тарихты, дәстүрді және табиғатты қол жетімді ететін, сала 
ретінде туризмнің маңызын Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаев 2009 жылдың қазанында Астана қаласында өткен Бүкіл 
әлемдік туристік ұйымдардың Бас ассамблеясының (ЮНВТО) XVIII 
сессиясының ашылуында атап өтті. «Мәдени мұра» Мемлекеттік 
бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі бойынша Қоғамдық кеңес 
отырысында мәдени-тарихи ескерткіштерді кірістіре отырып туризмнің даму 
маңыздылығы сөз болды. 2008 жылы Қазақстанның Үкіметінің 2009-2011 
жылдарға «Мәдени мұра» Ұлттық жобаның Тұжырымдамасының жобасын 
қарастырған отырысында Ұлы Жібек Жолының тарихи маршруты бойынша 
мәдени туризмді дамыту қажеттігі басып айтылды.
Қазақстанның әр аумағында өзінің туристік-рекреациялық орталықтары 
бар. Оларда табиғи ортаның түрлілігіне және инфрақұрылымның дамуына 
байланысты жеке рекреациялық орта қалыптасуда.
 
 Кесте 5.1 Қазақстан аудандарының туристік-рекреациялық әлеуеті
ҚР аудандары 
Аудандардың туристік-рекреациялық әлеуетінің 
сипаты
 
Солтүстік 
Қазақстан 
Ақмола облысы 
Павлодар облысы 
Қостанай облысы 
Солтүстік 
Қазақстан облысы 
Ландшафт, ауданның климаттық шарттары түрлі 
туристік демалыс түріне ие – автокөліктік, 
велосипедтік, су туризмі. Көкшетау, Баянауыл, 
Мойылды курорттары – емделумен демалыс ұсынады, 
Қорғалжын және Наурызым қорлары ғылыми 
туризмді ұнататындар үшін қызықты.
Батыс Қазақстан 
Ақтөбе облысы 
Маңғыстау облысы 
Атырау облысы 
Батыс Қазақстан 
облысы 
Бұл жерде Қарақия ойпаты бар – ол мұхит деңгейінен 
132 метр тереңдікте жатқан, планетадағы тереңдігі 
бойынша екінші ойпат. Каспий теңізі, Орал өзені, 
Маңғыстау түбегі, Үстірт қорығы, көне және жаңа 
қалалар, археологиялық ескерткіштер, Хорезм мен 
Ираннан ежелгі сауда жолдары – осының барлығы 


батыс аумақтарда орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет