|
Баянауыл
Садвакасова Махаббат Құдайбергенқызы Баянауыл ауданының білім бөлімі тілдер әдіскері
|
Инновациялық жобаның атауы:
|
Диктанттар күніне арналған «Абай жолы» роман - эпопеясынан алынған мәтіндер (мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы орта білім беру мектептері үшін, орыс тілде оқытылатын жалпы орта білім беру мектептері үшін)
|
Жетекші идея:
|
Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай жолы» роман - эпопеясынан алынған мәтіндер негізінде диктанттар жинағы жасалды.
|
Жоба мақсаты:
|
«Абай жолы» роман-эпопеясын , Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау.
|
Жоба міндеттері:
|
Ақынның шығармашылығын оқыту және насихаттау, диктанттар күнін өткізу.
|
Қолдану саласы:
|
Аудан деңгейінде.
|
Жобаның қысқаша андатпасы:
|
2015-2016 оқу жылында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған мәтіндер бойынша диктанттар жинағын құрастырдым. Аудан бойынша диктанттар күні өтті. Диктант мәтіндерінде бүгінгі таңда тілдік қолданысымыздан қалып бара жатқан көнерген сөздер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арнайы алынды. Диктант 2 бағытта (қазақ сыныптарына, орыс сыныптарына) 5-9 сыныптарға арнайы жасадым.
|
Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:
|
Жоба жүзеге асыруға дайын. 2015-2016 оқу жылынан бастап аудан деңгейінде өткізілді.
|
Қолданудан күтілетін нәтижелер:
|
Жыл сайын аудан, облыс деңгейінде диктант күнін өткізу. Ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау.
|
«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыратын құрал» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай бүгінгі күні білім саласының алдында тұрған осы талаптардың орындалуы білімді, жаңа технологиялармен қаруланған жаңашыл ұстаздың міндетінде.
«Тоталды диктантты оқу үдерісіне енгізу арқылы қазақ әдебиетіндегі ұлы ғұламалар шығармаларын насихаттау»
Жобаның мақсаты: пәннің мазмұнын байыту барысында, ақын-жазушылардың шығармаларын оқыту және оқушылар арасында «Абай жолы» роман-эпопеясын насихаттау,сонымен қатар, сауаттылықты тексеру өлшемі ретінде оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөзмәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.
Жобаның міндеті: «Тоталды диктантты» өткізе отырып, оқушылардың сауатылықтарын тексеру.
Қолдану саласы: аудан деңгейіндегі білім беру мекемелері.
Жобаның қысқаша аңдатпасы:
2012-2013 оқу жылынан бастап мен әдіскер ретінде бұл жоба бойынша жұмыс жасай бастадым. Ақын-жазушылардың арнайы мерейтой даталарын анықтап, жоспарға енгіздім. Өткізу формасын таңдадым. Яғни тоталды диктант негізінде жасауға бел байладым. Арнайы семинарларға қатысып, теория жүзінде таныстым.
2013-2014 оқу жылында теорияны практикамен ұштастырдым. Яғни кітапханамен тығыз жұмыс жасап, мәтіндер таңдап, сонымен қатар диктанттың нормаларын дайындап, мәтіндерде бүгінгі таңда тілдік қолданысымыздан қалып бара жатқан көнерген сөздерді арнайы теріп алып, мемлекеттік тілде білім беретін жалпы білім беру мектептеріне және орыс сыныптарына арнайы диктанттар құрастырдым.
2015 жылдың қазан айында әдіскер ретінде аудан мектептеріне таратып, Диктант күнін өткіздім. Аталған шараға ауданымыздың 26 мектебі белсенділікпен қатысты.Ең жоғарғы білім сапасын Қаражар жалпы білім беретін негізгі мектебі 95 пайыз, егідібұлақ жалпы білім беретін орта мектебі 82 пайыз және Сұлужон жалпы білім беретін мектебі 81,6 пайызды көрсетіп, алдыңғы қатардан көріне білді.
Бұл шара Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арнайы жоспарланып, аудан деңгейінде өткізілді.
Бұл жобадан күтілетін нәтиже:
Ұлы тұлғалардың шығармаларын насихаттау мақсатында облыстық деңгейде өткізу;
Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру;
Қазақ тілі пәні бойынша диктант күнін енгізу.
Келесі диктан күні Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» туындысына арналады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,
Қазақтың қос арысы, қос данасы
Қалайша бас имессің оған, сірә.
Диктанттар күніне арналған «АБАЙ ЖОЛЫ» роман - эпопеясынан алынған мәтіндер
( орыс тілде оқытылатын жалпы
орта білім беру мектептері үшін)
Достарыңызбен бөлісу: |