Ағылшын тіліндегі биология пәнінің
10 сынып қолданбалы курс бағдарламасы .
Түсінік хат
Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық- коммуникативтік құзырлықпен қатар,
полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды.
Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.
Ағылшын тіліндегі биология терминологиясы 10 сынып қолданбалы курс бағдарламасы .
Мақсаты:Бағдарламаны ағылшын терминдерін үйрету факультатив, гимназии, лицей сағатына бағдарлама ретінде ұсынып жатырмын.
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру
Оқытудың мақсаты:
тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгеалынатын түсініктерді қалыптастыру;
тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;
жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;
өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;
органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;
организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалықзаңдылықтар туралы түсінік қалыптастыр
адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның
қолайсызфакторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру; 10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат;
Оқып білу барысында мына оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады: физикалық және экономикалық география, химия, физика Күтілетін нәтижелері:- оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын
байыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытынды жасау және жалпылама қорыту ағылшын тілінде,мәтінмен жұмыс жасау білу.
Достарыңызбен бөлісу: |