Тақырыбы: Арнайы педагогиканың жалпы негіздері Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері Арнайы педагогика – қалыпты педагогикалық жағдайда білім алуға қиналатын немесе мүлде оқи алмайтын кемтар тұлғалардың арнайы білім алудың теориясы мен тәжірибесі.
Арнайы педагогиканың нысаны арнайы оқыту, ол білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беру педагогикалық феномен ретінде қарастырылады және кемтар тұлғаның білім алу мәселесін шешуге бағыталған. Арнайы білім берудің субъектісі- мүмкіндіктері шектеулі тұлға.
Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін олардын тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарың зерттейді.
Арнайы педагогиканың негізгі максаты - дамушы тұлғанын әлеуметтенуге және өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуін көздей отырып, арнайы педагогика бұл максаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды мәнін көрсетеді: тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу.
Арнайы педагогика негізгі мақсатқа жету үшін жалпы максатар жүйесін жүзеге асыру қажет, олар:
- дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;
- педагогикалық құралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру; орның толықтыру (компенсациялау);
- абилитация (ерте жас кезеңі үшін)-әлеуметік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезенінде болатын патологиялық жағдайлардың алдын алу емдік- педагогикалық шаралар жүйесі. Ол қоғамда енбектену және пайдалы мүше болу мүмкіндігін туғызады.
- сауықтыру жұмыстары (әлеуметтік және тұлғалық) - тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік және кәсіби сипатағы кешендерді қолдану.
Соңдықтан жалпы мақсаттар нақты тұлғаға көмек көрсетуге бағытталған, мысалы, көруінде ауытқуы бар тұлғаны арнайы құралдармен қолдануға үйрету және қоршаған кеңістікте бағыттау дағдыларын қалыптастыру болса, естуінде ауытқуы бар тұлға үшін қалдық естуге сүйене отырып, сөйлеп тұрған адамның ерін қимылынан ауызша сөйлеуді қабылдау дағдыларын қалыптастыру болады.
Арнайы педагогиканың өзгеше мақсаттар қатарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғаны сауықтыру шараларды ұйымдастыру, нақты өзін-өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу, өз тұлғасын барабар бағалау, әлеуметтік мінез-құлықтың сәйкестік формаларын қалыптастыру. Бұл жұмысты атқаруда психолог мамандар ата-аналармен бірлесіп өз үлестерін қосу қажет.
Ал арнайы педагогиканың мақсаттарын жүзеге асыру үшін бір қатар міндеттерді шешу аса қажетті, олар:
- мүмкіндіктердің шектеулі тұлғаның даму заңдылықтарын зерттеу;
- кемістіктің құрылысына сәйкес түзету және теңестіру (компенсация) орның толықтыру мүмкіндіктерін анықтау;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан жіктеу әзірлеу жағдайларын анықтау және негіздеу;
- арнайы білім берудің заңдылықтарын, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқытудың педагогикалық жүйелерін зерттеумен қатар жаңа педагогикалық жүйелердің пайда болуын болжау т.с.с.
Арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте кең. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін және барлық арнайы терминдерді білуі тиіс.
Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдердің пайда болуы медицинадан туындаған олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с.
Арнайы психологияның дамуымен психологиялық терминдер мен ұғымдар қалыптасқан, олар диагнозды сипатқа ие болған, нақты психологиялық тексеру нәтижесін білдіреді. Мысалы: 1) дамуы уақытша тежелген балалар 2) танымдық әрекеті төмен балалар 3) психомоторикасындағы ауытқу сияқты ұғымдар тексерудің қорытынды сипатын білдірген. Кейіннен дефектологтар бұл ұғымдарды өз тәжірибелерінде пайдаланып, диагноздың сипатына назар аудармай, дефектологиялық терминдер ретінде қалдырған. Тарихи, әлеуметтік өзгерістерге тәуелді дефектологияның орнына “түзету педагогика” термині пайдалану құбылыстар байқалды. Ал педагогикалық ғылымдар жүйесінде арнайы педагогикалық ғылымдар бөлек аталатын, олар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.
Арнайы педагогика қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға, ал білім алушылар үшін – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар деген аңықтаманы пайдаланады, сол ерекше қажеттіліктерді арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болады. Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға деген ұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы “мүгедек” терминңнің орнын басады, өйткені “мүгедек” деген адамның ештеңеге жарамайды, яғни қабілітсіздікті білдіреді.
Соңдықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлға, еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға терминдері біршама тиімді және адам намысын қорламайтын болып саналады.
Сөйтіп дамуында кемістігі бар тұлғаларды көп жыл бойы қалыптасып дәстүрлі жіктеу бойынша келесі топтарын ажыратуға болады:
- естімейтіндер
- нашар еститіндер
- көрмейтіндер
- нашар көретіндер
-тіл кемістігі бар
-ақыл-ойы кем
-психикалық дамуы тежелген (шет елдерде оқуында қиыналатын балалар)
- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар
-сезім-ерік аясында ауытқуы бар
Ал 2002 жылы қабылданған ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң отандық арнайы білім беруде пайдаланатын негізгі терминдер мен аңықтамаларды занды түрде бекітіп тәжірибеге ұсынды.