Лекция №1 Тақырыбы Сурдопедагогика жалпы негіздері Жоспары



бет1/63
Дата04.03.2022
өлшемі117,44 Kb.
#134300
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
матем формула, матем формула, матем формула, 340344, Бектасова Балнұр ТП-18-2к1, апталык жаратылыстану (1)

«Дактильді тілі және ым–ишара тілі»» пәнінең лекция жинағы
Лекция №1 Тақырыбы Сурдопедагогика жалпы негіздері Жоспары:
1.Сурдопедагогика жалпы негіздері. 2.Сурдопедагогика пәнінің объектісі және субъектісі.
1.Сурдопедагогика жалпы негіздері
Сурдопедагогика - бұл есту қабілеті зақымдалған үлкен адамдардың, балалардың білім алуын және тәрбиелеуін зерттейтін ғылыми пән. Бұл пәннің аталуы латынның «surdus» керең және гректің «раidagogikе» деген сөзінен шыққан. Қазақшаға аударғанда естімейтін балаларды тәрбиелеу туралы ғылым. Қазіргі сурдопедагогика есту қабілеті зақымдалған балалардың екі негізгі тобының естімейтін және нашар еститіндердің білім алуының теориясын және практикасын қосады. Ғылыми білім алу жүйесінде дефектология құрамына кіретін арнайы педагогиканың бір саласы болып табылады.
Сурдопедагогиканың дамуы арнайы педагогиканың басқа салаларымен және аралас ғылымдар материалдарын интеграциясын қатыстыруға бағытталған. Сурдопедагогиканың есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған оқу-коррекциялық жұмыс құралдарымен түп нұсқалы әдістері бар. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дифференциялдық білім алуының жан-жақты зерттеуін қамтамасыз етеді. Естімейтін балалардың теориялық және практикалық білім алуының мазмұнының ерекшелігі, дефектологиялық білімнің құрылымында сурдопедагогика саласы жеке ғылым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет