Лекция №1 Тақырыбы Сурдопедагогика жалпы негіздері Жоспары


Сурдопедагогика пәнінің объектісі және субъектісі



бет2/63
Дата04.03.2022
өлшемі117,44 Kb.
#134300
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
2.Сурдопедагогика пәнінің объектісі және субъектісі
Кез келген ғылымның негізінде, оның білім жүйесіндегі орнын, ғылыми пәннің ерекшелігін анықтайтын пәні, объектісі және субъектісі бар. Ғылымның объектісі шындықтың таным бөлігін, шынайы бар екенін, ал субъектісі объектінің қайта құрылуының және тура бағытталған танымды орындайтынын түсіну керек. Сурдопедагогика ғылымында объектінің барлық қасиеттері және қарым-қатынастары толығымен зерттелмейді, ал кейбір оның жақтары субъект болып бөлінеді немесе пән, пәні болып аталады.
Сурдопедагогиканың пәні, объектісі және субъектісі туралы сұрақтар өз бетімен немесе абстрактілі түрде шешілмеуі мүмкін. Бұл принципті сұрақтың екі мағыналығын және келіспейтіндігін болдырмау үшін, оның теориясының және практикасының айырмашылығын есепке алып, сурдопедагогиканың методологиялық негіздерінің талдауын өткізу керек. Сурдопедагогиканың субъектісін және объектісін жалпыланған түрде көрсетуге болмайды, бұл ғылымда немесе басқа педагогикалық ғылымдарға тең объект-субъект қатынастардың өзінің эмпирикалық және теоретикалық ерекшеліктері бар.
Сурдопедагогиканың эмпирикалык деңгейі есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың білім алу практикасын және олардың зерттеу тәжірибесін қамтиды. Естімейтін балаларға білім беру практикасы эмпирикалық шаралар жүйесіне сүйенеді, олардың арасында диагностика, коррекция, компенсация, адаптация, индивиуадизация және т.б. Эмпирикалық түрдегі сурдопедагогикалық зерттеулер жеке білім берудің практикалық жағын және нақты ұғымдар формасының дамуы туралы эмпирикалық зандар сипаттама береді.
Сурдопедагогиканың теориялық деңгейі естіп қабылдауы қиын тұлғаларға жалпы және толық білім беру көмегі негізінде қалыптасады. Теоретикалық түрдегі сурдопедагогикалық зерттеулер естімейтін және нашар еститін балалардың білім алу эволюциясын болжау және түсіндіру үшін жүреді.
Сурдопедагогиканың эмпирикалық деңгейінде екі субъектінің іс -әрекеті орындалады: естіп қабылдауы зақымдалған бала және мұғалім. Бұл іс-әрекеттің өзгешелігі, бала бұл жерде бір уақытта объект және субъект бола алады.
Б.Г.Ананьев баланы тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде дамуын талдай отырып белгіледі; «Бала немесе жасөспірім тәрбие әрекетінің объектісі болып қана қоймай, барлык тәрбие процесінің қатысушысы болады. Тәрбие процесінде балалардың рөлінің ақырындап жоғарлауы, басқа сөзбен айтқаңда қайта байланыс мөлшерінің өсуі, анықталған іс-әрекет түрлерінің субъект ретіндегі эволюция көрсеткіштері болып табылады.
Сурдопедагогикада объект және субъект арасындағы қатынас динамикасы күрделі қарама-қайшы сипатта болады. Басты орынды Ф.В.Й. Шеллингтің сөзімен айтқанда, «объект және субъект арасындағы қарсы тұру», ал одан кейін осы қарсы тұрудың негізінде бұл субстанциялардың талдануы, объектінің және субъектінің бірлігі пайда болады. Педагог субъект ретінде есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыта бастағанда, бала көп жағдайда объект болады және субъекті белсенділігінің аз немесе кері сипаттамасы бар және оқу әрекетіне қарсы көрінуі мүмкін. Оқудың және коррекцияның арқасында бұл табиғи жоспарланбаған белсенділік тура бағытталған қабілетті позитивті субъектілі іс-әрекетке айналады. Естімейтін бала өзінің проблемаларын жақсы түсіне бастайды, есту қалдығын дұрыс қолдана бастайды, өзінің сөйлеуін бақылай алады. И.Канттың, «ойлайтын субъект сол бір уақытта өзіне меншікті обьект» деген идеясын ескерсек, онда арнайы оқу барысында есту қабілеті зақымдалған бала ақырындап өзін-өзі дамыту субъектісін және өзін-өзі коррекциялау сапасын иемденеді, өзін-өзі объект ретінде таниды және өзгертеді. Қортындысында объект және субъект бірлігі жетіледі. Осыдан қорыта келе, білім беру процесінде жаңа іс-әрекет түрлерін, оқу жұмыстарының тәсілдерін, қатынас түрлерін, мұғалімдермен және сыныптастарымен өзара іс-әрекет тәсілдерін меңгерудің арқасында бала ақырындап субъект бола бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет