5. Тауар белгісі– бұл бір біртектес заңды және жеке тұлғалардың тауарларымен қызметтерін басқа заңды және жеке тұлғалардың тауарларымен қызметтерін сәйкесінше ажырату қабілетін білдіреді.
Тауар белгісі нарықтық қатынастың керекті элементі болып келеді және нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде оны жиі «үнсіз сатушы» деп атайды. Әлемдік тәжірибеде тауар белгісі сақтандыру полисі немесе акция сияқты нарық атрибуты болады.
Алғашқыда тауар белгісі 20 ғасырдың ортасында кәсіпкерлер мен саудагерлердің қоғамы тауарды жасап шығарушыға өнімге сәкесінше таңба қоюды міндет еткен кезде пайда болған. Мұнда бірден бірнеше мақсаттар қарастырылған:
Өндірілген тауардың авторлығы қадағаланды;
Салық қызметін жеңілдететін тауар сапасы бақыланды;
Жасап шығарушыға наразылық білдіруге мүмкіндік беретін тауар сапасы бекітілді;
Белгілі шеберлердің өнімдерін жалған бұрмалау, жалған жасандылардың өндіру жолына бөгеттер орнатылды.
Маркетинг тұрғысынан тауар белгісі тауардың нарықтың таңбасының бір элементі бола тұрып фирма белгісін, оның нарықта танылуын құрайды
Тауар белгісі – оны қолдануға, бұйыруға, иеленуге, заңсыз қолдануға тиім салуға айрықша құқы ьар фирманың жекеменшік объектісі.
Тауар белгісін жарнамалық компанияларда қолдану кезінде оның көмегімен жарнаманың фундаментальді қағидасының негізгі құраушыларын өткізуге талпыну керек: «назар – қызығушылық – қалау - әрекет». Бұл тұтынушылардың сатып алу мінез – құлқын себептерін анықтауға және жарнамаға қабілетті тауар белгісін құру кезіндегі фирманың мінез – құлық стратегиясын құруға көмектеседі. Ол бірнеше сәттерден тұрады:
Ұсынылатын тауар туралы ақпарат;
Осы фирманың тауары немесе тауар белгісі керек екенін түсіну;
Қарапайым және қызықты тауар белгісін жасап шығару;
Нақты осы тауар белгісінің атауымен аталған тауардың иегері болу есебін құру;
Сапалы сатылымды ұйымдастыру және дұрыс шешім қабылдағаны үшін тұтынушыларға жағымды әсер қалдыру.