1-тапсырма. Берілген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін сәйкестендіріңіз



Дата19.08.2022
өлшемі41,76 Kb.
#148151
Байланысты:
Ашық тапсырма


1-тапсырма. Берілген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін сәйкестендіріңіз.



Оқу мақсаты


Бағалау критерийлері
Білім алушы

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау



Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау



Тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу



Мәтіндегі деректерді қолданады







+

Тірек сөздерді табады




+




Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды

+







Автор көзқарасын, көңіл-күйін ажыратады




+




Негізгі ақпаратты ажыратады

+







Мәтіннің негізгі ойын анықтайды




+




Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді







+



2 тапсырма
Төменде берілген қалыптастырушы бағалау тапсырмасымен танысып, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейін анықтаңыз және тапсырмаға дескрипторлар құрастырыңыз.

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»



Оқу мақсаты

8.2.4.1 Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма

Білім алушы
-Негізгі ойды анықтап, өз ойын білдіреді
-Көтерілген мәселені талдайды, дәлелдейді.
-Интонация құрамдас бөліктерін біледі, сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау.


Мәтіндердің тақырыбын, түрлерін, құрылымын салыстыр.

Мәтіндерді сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс бойынша оқып шығыңыз.
1-мәтін
Әлемдік мәдениет жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүниежүзі сипат алған діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениетдеп бөлу бар. Еуропалықәдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады.
Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді, Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисейескерткіштері, ортағасырлық мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций, Аристотель,ӘбуНасыр әл-Фараби,Августин Б.,Гегельеңбектері, М.Қашғари,Ж.Баласағұншығармалары, Тәурат, Інжіл, Құрансияқты діни кітаптар – адамгершілік ережелеріне халықаралық дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары.
Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, ҚорқытАта, Асан қайғысияқты аңызалыптарының халықаралық кейіпкергеайналуы әлемдік мәдениет мазмұнынтолықтырды.
Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы есімдертілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жержүзіне танытты.
Чайковскиймен Бетховен, Құрманғазымен Шопенмузыкалары әлемдік мәдениет болып табылады.
Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүниежүзілік дәрежегекөтерген мәдени туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.
2-мәтін
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2017 жылдың 3 қазанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
XXI ғасырдың тоғысындағы әлемдік дамудың үдерістерін сипаттайтын басты ұғым жаһандану болып отыр. Оның мәні этносаралық және конфессияаралық шиеленістер, экологиялық мәселелердің барлық мемлекеттің ортақ мәселесіне айналуы, ғаламдық ақпараттық кеңістіктің, әлемдік нарықтың қалыптасуы үдерісінде көрінетін мемлекет пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың кеңеюінен тұрады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуының өзекті мәселелерін жаһандық заманауи үдерістер контексінде талқылау, мәдениет дамуының және қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдениеті ерекшеліктерінің негізгі бағытын талдау болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігінің өкілдері, Батыс Венгер университетінің профессоры Михай Фрешли, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Басқару мемлекеттік академиясының өкілдері, ғалымдар және зерттеушілер қатысады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.
Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

1-мәтін




2-мәтін

Мәтіннің стилі









Тақырыбы









Түрі









Құрылымы









Екі мәтіннің ұқсастығы








Екі мәтіннің айырмашылығы













Дескриптор Білім алушы
-Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын талқылайды.
-Құрылымына талдау жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет