Баланың қажеттіліктері
|
Бала қажеттіліктерін анықтау мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі
|
Озық тәжірибенің үлгісі
|
Бұл орын балаға қаншалықты ыңғайлы?
|
Дамытушы ортадағы ресурстардың балаға қол жетімділігіне назар аударыңыз.
Баланы ынталандыру үшін суреттер, түрлі плакаттар, интерактивті тақтаны қолданыңыз.
Дамытушы ортаның таза, ұқыпты, жинақы және ауасы кең болуын қамтамасыз етіңіз.
|
|
Бұл ортада менің әртүрлі ойындарды ойнауға, белсенділігімді көрсетуге, шығармашылықпен айналысуға, басқалармен тіл табысуыма мүмкіндік бола ма?
|
Дамытушы ортада баланың өзбетінше жұмыс жасауға, шығармашылықпен айналысуға, еркін қозғалып ойнауына болатындай орталарды ойластырыңыз;
Дамытушы ортада жұмсақ төсеніштің, қажетті жиһаздың, сөрелердің болуын қарастырыңыз
Жұмсақтықты жөргектермен, жастықтармен, кілемшелермен және т.б. қолданыңыз.
Бөлменің ішкі жабдықтарын баланың әртүрлі қажеттіліктерін қанғаттандыратындай етіп орналастырыңыз.
|
|
Мен бұл ортада еркін әрі өз қалауымша қозғала аламын ба? Бұл жерде менің қимыл қозғалыс дағдыларымды дамытуға мүмкіндік бола ма?
|
Үстел мен орындықтардың санын қысқартып, дамытушы ортаға көбірек орын қалдыруға тырысыңыз.
Жинамалы үстелдерді қолдану мүмкіндігін қарастырыңыз.
Бөлмедегі жиһаздардың бала жасына сәйкес келуін ойластырыңыз
Балалардың бос немесе тар орындарды қалай пайдаланатындығына назар аударыңыз
Бөлмедегі жиһаздарға баланың қолы мен бойы жететіндігіне аса назар аударыңыз.
|
|
Мен өз сезімдерімді пайдалануыма бола ма?
Немесе менің өз сызбаларымды, жобаларымды жасауыма мүмкіндік бола ма?
|
Дамытушы ортада баланың табиғи материалдармен жұмыс жасауы мен зерттеулер жүргізуі үшін мол таңдау мүмкіндігін беруді ескеру.
Дамытушы ортада балалардың ресурстарды зерттеуге және эксперимент жасауға ынтасын оятатындай мүмкіндіктің болуын ескеру.
Балалардың өз таңдаулары бойынша түрлі көліктерді, басқада сызбаларды құрастыруға жағдай жасауды ескеру.
|
|
Мен өз қалауымдағыдай ресурстарды және жеке заттарымды таба аламын ба?
|
Ресурстарды сыртында нақты белгісі көрсетілген контейнерлерде сақтаңыз.
Балаға өзі үшін құнды заттарын сақтайтын кәрзеңке немесе себет арнауына мүмкіндік беру. Балаға артық киімдерін қоятындай мүмкіндікті ескеріңіз.
Балаларға өзінің заттарын нақты бір жерге жинап қоюын және қажет болғанда сол жерден іздеу дағдысын қалыптастыру мен өзін ретке келтіруді үйрету.
|
|