Қоршаған орта туралы біле аламын ба?
|
Балалармен бірлесіп ағаш, гүл отырғызу, күтім жасау
Бала кез келген ауа райында далада ойнау мүмкіндігінің болуын ескеріңіз, яғни бала сөресінде артық бас киімнің, жаңбырға киетін киімдердің т.б. болуын қарастырыңыз.
Құстарға жем шашуға арналған жем салгыш жасауды ойластырыңыз.
Баланың жерді қазу, тырмалау, тегістеу, шелек т.б. заттармен ойнауға мүмкіндігінің болғанын ескеріңіз.
Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ұлғайтқыш әйнектермен т.б. құралдармен зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік беруді ескеріңіз
|
Балалармен бірлесіп ағаш, гүл отырғызамыз. Балалардың өз құрал-саймандары бар. Балалар қалаған уақытта жерді қазу, тырмалау, тегістеу сияқты іс-әрекеттерін жасайды.
|
Таза ауада мен не істей аламын?
Менің аулада шулауыма, үстімді ластауыма, еркін қозғалуыма немесе жасырынуға мүмкіндігім бола ма?
|
Таза ауада сіз ұсынатын ресурстар көзге көрінетіндей болуын ескеріңіз
Балаға шулап, еркін қозғалып, энергиясын шығаруға мүмкіндік болатын орын жабдықтауды ескеріңіз
Аулада доппен ойнауға болатын орындарды нақты белгілеуге тырысыңыз
Бала белсенділігін арттыру үшін алаңда көлеңкелеуге болатын жерлерді ескеріңіз.
Ағаштардың жанында көрпешелерді немесе басқа да заттарды пайдаланып жасырынатындай орын жасауды ойланыңыз.
|
|