Атмосфераның бар болуы Жердің табиғатына өте үлкен әсер береді. Атмосферасыз Жерде тіршілік болмайды.
Атмосфера (атмос – ауа. Сфера – шар)
1634 жылы Эванджелиста Торричелли алғаш рет атмосфералық қысымның мәнін анықтады. Бұл тәжірибені 7 сынып физика оқулығынан оқып шығуға болады.
Жердегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм.сын. бағ. немесе 105 Па.
Атмосфераны шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера. Шартты қабаттардың шекаралары:
тропосфера – 16 км дейін;
стратосфера – 50 км дейін;
мезосфера – 80 км дейін;
термосфера – 150 км дейін;
экзосфера – 150 км және одан жоғары, одан әрі бұл қабат ғарыштық кеңістікке көшеді.
Ауаның 90% тропосферада шоғырланған. Оның қалындығы әр түрлі еңдіктерде әр түрлі болады. Экватор үстінде – 17 км, полюстерде - 8-9 км, ал орташа еңдіктерде – 10-11 км
|