Сутегінің асқын тотығының ерітіндісін жараны, ойық жараны, қуыстарды механикалық жолмен тазалауда, ал калий перманганатын ерітінді түрінде жараны шаю, бүрку, суландыру, күйік бетін өңдеу, морфинмен, фосформен және т.б. уланғанда қолданылады.
8.Альдегидтер мен спирттер
Формальдегид ерітіндісі, этил спирті
Формальдегид ерітіндісін дезинфекциялаушы зат ретінде, сонымен қата терлегіштікте теріні өңдеу қолданады. Этил спиртін құрал – жабдықтарды дезинфекциялау үшін, хирургтың қолын және операция жасайтын аймақты өңдеуде қолданады.
9.Қышқылдар мен сілтілер
Бор қышқылы, аммиак ерітіндісі
Бор қышқылын тері бетіне жағылма және сеппе түрінде, ал аммиак ерітіндісі хирургтың қолын өңдеу үшін, сонымен қатар тыныс алу орталығын рефректорлы(жоғарғы тыныс жолдарының рецепторларынан) ынталандыру үшін ингаляция түрінде қолданады.