№1 тапсырма. Жағдайлық есептер



бет1/5
Дата10.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#171720
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Фариза Болатқан фармакология тапсырмалары 12 апта (1)
анатомия спинного мозга

№1 тапсырма. Жағдайлық есептер.



  1. Препаратты анықтаңыз және әсер ету типін, спектрін, қолдану көрсеткіштерін және жанама әсерлерін көрсетіңіз. Бірінші ұрпаққа жататын цефалоспориндік антибиотик. Антибиотиктің әсерінен бактериялар өледі. Препарат микробқа қарсы әсер етудің кең спектріне ие. Бірақ препарат Pseudomonas aeruginosa, анаэробты микроорганизмдерге, туберкулез микобактерияларына қарсы тиімді емес. Қарсы көрсеткіш - бұл препаратқа жоғары сезімталды. Осы ДЗ бүйрек пен бауыр функциясының ауыр бұзылуында сақтықпен қолданылады.



Препараттың атау: цефазолин. Микроорганизмдердің жасушалық қабырғасының синтезін бұзып, бактерицидті әсер етеді. Әсер ету өрісі ауқымды, грам оң микроорганизмдерге (Staphylococcus spp., соның ішінде Staphylococcus aureus (пенициллиназа өндіретін және өндірмейтін және грамтеріс микроорганизмдерге (Neisseria meningitidis, Leptospira spp.) қатысты белсенді. Haemophilus influenzae, Enterobacter spp. және Enterococcus spp. кейбір штаммдарына қатысты белсенді. Қолданылуы – цефазолинге сезімтал микроорганизмдерден болған мына жұқпалы-қабыну ауруларында: жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының; ЛОР-ағзалардың (соның ішінде ортаңғы отит); несеп шығару және өт шығару жолдарының; кіші жамбас ағзаларының; тері мен жұмсақ тіндердің; сүйектер мен буындардың (соның ішінде остеомиелит); жарада, күйікте және операциядан кейінгі жұқпаларда.Жанама әсерлері: гипертермия, тері бөртпесі, есекжем, терінің қышуы, құрысулар. бүйрек аурулары бар науқастарды үлкен дозалармен (6 г) емдеген кезде – бүйрек қызметі бұзылады. жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы. лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, тромбоцитоз, гемолитикалық анемия,



  1. Науқас остеомиелитті емдеу үшін линкозамидтер тобынан антибиотик қабылдады. Біраз уақыттан кейін науқаста диарея қан мен іштің ауырсыну пайда болды. Дәрігер бұл топтың терапиясы кезінде асқыну пайда болғанын түсіндірді – псевдомембранозды колит. Псевдомембранозды колиттің себебін түсіндіріңіз, оны емдеу үшін қандай препараттар қолданылады. Осы ДЗ әсер ету типін, спектрінкөрсетіңіз.

Псевдомембранозды колитің пайда болуының негізгі себептері: цефалоспориндерді, тетрациклин, пенициллин, левомицетин немесе эритромицин негізіндегі дәрілерді бақылаусыз немесе ұзақ уақыт қолдану;
ақуыз және электролит метаболизмінің бұзылуы. Оны емдеу үшін мынадай препараттарды қолданады: Метронизадол, ванкомицин және энтеросорбенттер қолданылады. Әсер ету типі: Метронидазол жоғары өткізгіштік қабілетке ие, анаэробты микроорганизмдер мен қарапайымдардың жасушаішілік тасымалдаушы протеиндерімен 5-нитротобының биохимиялық қалпына келтіреді. Қалпына келтірілген 5-нитротоп олардың нуклеин қышқылдарының синтезін тежей отырып микроорганизм жасушаларының дезоксирибонуклеазасымен (ДНҚ) өзара әрекеттеседі, ол бактериялардың жойылуына әкеп соқтырады. Trichomonas vaginalis, Entamoeba histolytica, Gardnerella vaginalis, Giardia intestinalis, Lamblia spp., сондай-ақ облигатты анаэробтарға Bacteroides spp. (сонымен бірге Bacteroides fragilis, Bacteroides distasonis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus), Fusobacterium spp., Veillonela spp., Prevotella (P.bivia, P.buccae, P.disiens), және кейбір грамоң микроорганизмдерге (Eubacterium spp., Clostridium spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp.) қатысты белсенді.



  1. Препараттыанықтаңыз, фармакологиялықәсерін, қолданукөрсеткіштерін, жанамаәсерлерінкөрсетіңіз. Фармакологиялыққасиеттерібойыншабұлзаторталықжүйкежүйесінетежегіш әсерінкөрсетеді. Препарат антисептикалық, дезинфекциялаушыжәнетітіркендіргішқасиеттергеие, тұнбалардайындауүшінқолданылады. Препаратты кейде өкпенің гангренасы үшін 20-33% ерітінді түрінде натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда көктамырға енгізеді. Препараттың атауы- этил спирті. Этанолдың жергілікті және рефлекторлы әсері тітіркендіргіш, тұтқыр және антисептикалық әсерлерден қалыптасады. Этил спритінің (70% және 90%) концентрацияланған ерітінділерінің тері қабаттарына әсерінен кейін тін ақуыз құрылым бұзылуымен байланысты тұтқырлық әсері пайда болады. Антисептикалық әсері микроб жасушаларының жарғақшалық және цитоплазмалық ақуыз құрылымының бұзылуына байланысты. Этанолға деген едәуір сезімталдық бактериялық флора болып табылады. Препараттың бактерицидтік әсері 70% концентрацияда тиімді болып саналады. Жоғарырақ концентрация кезінде спирттің тіндік құрылымдарға илегіш (тұтқыр) әсері оның диффузиясын төмендетеді және антисептикалық тиімділігінің тереңдік деңгейі азайады. Этил сприті медициналық тәжірибеде сүртіну және компрестерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданылады. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, тыныс алу жолдары және шырышты қабықтары, терінің тітіркенуі мен күйіктері, резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін, ОЖЖ бәсеңдету


  1. Осы кең спектрлі антибиотикке бейімделу салыстырмалы түрде тез дамиды. Кейбір жағдайларда тәуелді штамдардың түзілуі байқалады, олардың өсуі мен көбеюі үшін осы препарат қажет. Осы препарат негізінен туберкулезді емдеуде қолданылады. Фармакологиялық топты, әсер ету тіпін, спектрін, қолдану көрсеткіштерін және жанама әсерлерін көрсетіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет