Б. Резорбцияланбайтын препараттар Фталилсульфатиазол (Фталазол)
Сульфагуанидин (Сульгин)
В. Жергілікті қолдануға арналған препараттар Күміс сульфадиазины (Сульфагин, Дермазин)
Күміс сульфатиазолы (Аргосульфан)
Сульфацетамид (Сульфацил натрия, Альбуцид)
Г. Комбинацияланған препарат Ко-Тримоксазол [Сульфаметоксазол/Триметоприм] (Бисептол)
5.2. II Ұрпақ Левофлоксацин (Таваник)
Спарфлоксацин (Спарфло)
5.3. III Ұрпақ Моксифлоксацин (Авелокс)
Гемифлоксацин (Фактив)
Гатифлоксацин (Гатиспан)
6. НИТРОИМИДАЗОЛ ТУЫНДЫЛАРЫ Метронидазол (Флагил)
Тинидазол
Орнидазол (Тиберал)
Секнидазол (Тагера)
Кесте толтыру.
Антисептиктер және дезинфекциялаушы заттардың жіктелуі
Тобы
Препараттар
Қолданылуы
1.Детергенттер
Церигель
Хирургтың қолдың өңдеу үшін, құрал – жабдықтарды, аппараттарды стерилизациялау үшін қолданылады.
2.Нитрофуран туындылары
Фурациллин, фуразолидон, фурадонин, фурагин
Фурациллин антисептик ретінде, фуразолидон ішек инфекциялары кезінде (бациллярлық дизентерия, паратиф, токсикоинфекцияларда, трихомонозды колпитте және лямблиозда қолданылады. Ал фурадонин және фурагин зәр шығару жолдарының инфекцияларында қолданылады.
3.Фенол топтары және оның туындылары
Таза фенол, резорцин, қайыңның қара майы
Фенол ерітіндісін құрал – жабдықтарды, науқастың кере жарақтарын дезинфекциялау үшін қолданылады. Резорцин кейбір тері ауруларында(мысалы, экземада, себорейде және т.б.) және коньюктивитте қолданады. Қайыңның қара майын тері ауруларын және қотырды емдеу үшін қолданады.
4.Бояғыштар
Бриллиант жасылы, метилен көгі, этакридин лактаты
Метилен көгін сыртқа антисептик ретінде, ішке несеп жолдарының жұқпалы ауруларында, сонымен қатар цианидтермен уланғанда көк тамырға енгізу жолымен қолданады. Этакридин лактатын (риванол) сыртқа және инфекция жұқтырылған қуыстарды(плевра, іш пердесі), қуықты, жатырды жуу үшін қолданады.
Хлорамин Б науқастың бөліндісін, науқастың керек жарақтарын. Металл емес құрал – жабдықтарды залалсыздандыру үшін қолданады. Хлоргексидин хирургтың қолын, операция аймағын, жараны, қуықты өңдеу үшін және құрал – жабдықтарды стерилизациялау үшін қолданылады. Люголь ерітіндісін жұтқыншақ және көмейдің шырышты қабығының қабыну үрдістерінде жағу үшін қолданады.
6.Металл(тұздары) қосылыстары
Сынап дихлориді, күміс нитраты, сынаптың сары тотығы, мырыш тотығы, мыс нитраты, мырыш сульфаты
Сынаптың дихлоридін қолдың терісін, ыдыстарды, бөлмелерді және т.б. өңдеу үшін қолданылады. Сынаптың сары тотығын көбінесе көз инфекциялық зақымдануда жиі қолданады. Сынап амидохлориді әдетте пиодермия сияқты тері ауруларында тағайындалады. Күміс нитраты, проторгол мен колларгол офтальмологияда (коньюктивитте,бленореяда), жараларды, зәр шығару өзегі мен қуықты жуу үшін қолданылады. Мыс сульфатын офтальмология антисептик және қармаушы зат ретінде қолданады.