1 тапсырма. Жемқорлық, коррупция



Дата15.03.2022
өлшемі16,56 Kb.
#135683
Байланысты:
Әбікен Санжар БЖД 19-2 Жемқорлық 3 тапсырма


1 тапсырма.
Жемқорлық, коррупция (лат. цоррұптіо - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.


2 тапсырма
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы, сонымен қатар заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын, сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттердің өзге заңдарымен қарастырылатын іс-әрекет.
Әділдік пен инабаттылықтың болмауы ретінде жемқорлықтың көп түрі бар: парақорлық, қоғамдық тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді заңсыз алу, тамыр-таныстық, жеке бас пайдасына жету мақсатында заңдар мен ережелерді әзірлеу кезінде ықпал көрсету.
Парақорлық – мемлекеттік қызметкер (немесе оған теңестірілген адам) өз немесе бөтеннің мүдделерінде тікелей немесе жанама түрде пара алатын, алуға уәде беретін немесе алуға келісетін, өкілеттігін орындау кезінде пара беруді талап ететін немесе заңсыздыққа итермелейтін әрекет.
Қорқытып алушылық – әрекет етуге немесе әрекетсіздікке айырбас ретінде адамды ақша төлеуге немесе басқа құнды байлықтарды беруге мәжбүрлеу. Осы мәжбүрлеу қысым көрсету, оның ішінде моральдық қысым көрсету арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
Көпке созушылық – пара алу мақсатында істі әдейі созу, күшпен алушылық түрі.

3 тапсырма
Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттары.
Бұл – ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға шақырған, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномені ретінде нақты және сыйымды анықтамасын табуға тырысқан және ғылымда танымал үлгілерден сыбайлас жемқорлық дендеген қоғам үлмемлекеттік және халықаралық институттарының беделін түсіреді. Ол заң үстемдігіне, демократия мен адам құқықтарына қатер төндіріп, билікке, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділдік қағидаттарына нұқсан келтіреді, бәсекелестікке кедергі келтіреді, экономикалық дамуды қиындатып және демократиялық институттардың тұрақтылығы мен қоғамдық моральдық ұстанымға қауіп төндіреді. Осындай жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастыруға кірісті. Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлықтың тарихи аспектілері, сыбайлас жемқорлық, әлеуметке қарсы құбылыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет