«Акмеология» ұғымын алғаш рет 1928 жылы Н.А.Рыбников дамыта түсу психологиясының ерекше бөлімі - жетілу немесе ересектік психологиясын белгілеу үшін енгізген. Б.Г.Ананиев өзінің «Адам таным субъектісі ретінде» кітабында акмеологияның адам ғылымдары жүйесінде осылай түсінетін орнын бір қатарға орналастыра отырып көрсеткен: «педагогика - акмеология - геронтология».