1-тапсырма: Контент талдау Тақырыбы: Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін дамыту Орындаған


-тапсырма: Қалыптастыру әдістемесі бойынша материалдар жинақтау, қорғау



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі29,78 Kb.
#88261
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-топ Мұғалімнің акмеологиялық әлеуеті

5-тапсырма: Қалыптастыру әдістемесі бойынша материалдар жинақтау, қорғау.
ТАҚЫРЫБЫ: Мұғалімнің акмеологикалық әлеуетін дамыту.
Орындаған: Ікрам Дәулетбек



Авторлар

Анықтама

Әдебиеттер




Оспанова Б.А., Тұрғынбаева Б.А.
Бейсембаева К.Д.
Вассерман Л.И.



5-тапсырма: Қалыптастыру әдістемесі бойынша материалдар жинақтау, қорғау.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында Елбасы білім беру жүйесіне «Қазақстан құқығы», «Өлкетану», «Акмеология» сынды пәндерді енгізуді ұсынған болатын. Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері» сияқты оқу курстары жүргізілуін міндеттеді. «Осындай пәндердің болмауы «әлеуметтік инфантилизмге» әкеледі» дейді. Бүгінгі оқушыдан ертең «тұлға» қалыптасу үшін не істеу керектігін «Акмеология» ілімі үйретеді. Қазіргі таңда қоғамның алға қарай жылжып, дамуы шығармашыл, ұтқыр ойлы, кәсіби тұрғыда жетілген тұлғаларға байланысты екені белгілі. Себебі, ондай адамдар кез келген жағдайға бейімделіп, кез келген мәселенің оңтайлы шешімін таба біледі. Мұндай, заман талабына сай, шығармашыл және кәсіби әлеуеті дамыған тұлғаны тәрбиелеу үшін ең алдымен оның бойында акмеологиялық мәдениетті қалыптастыру керек.
«Акмеология», «акмеологиялық мәдениет» ұғымдарын қазіргі таңда басылымдарда көптеп кездестіреміз. Ал енді, осы ұғымдарға тоқтала кетсек. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың бас кезеңінде қолданысқа енген ұғым. Бұл ұғымды ең алғаш рет 1928 жылы Н.А.Рыбников ұсынған. Кейін Б.Г.Ананьев бұл ұғымға анықтама беріп, оның ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсеткен. Ол адамның онтогенездік дамуын зерттейтін ғылымдарды былайша орналастырады: эмбриология, морфология және физиология, педалогия, акмеология, геронтология.
«Акмеология» ұғымына акмеолог ғалымдар әртүрлі түсініктемелер береді:
- әлеуметтік маңызы бар мәдениет, шығармашылық, әдебиет, ғылым, техника, білім салаларында және адамның өзінде жүзеге асатын, кәсіби шеберлік шыңына және жасампаздық әрекетінің өнімділігіне жетуге бағытталған өзіндік қозғалысында ересек адамдардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік жүзеге асуына әсер ететін немесе кедергі жасайтын жағдайлар, факторлар мен заңдылықтар туралы ғылым (Кузьмина Н.В.);
- жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық және техникалық пәндер тоғысында пайда болған, адамның ересектік даму кезеңін, әсіресе, оның бұл даму жолында жоғары дәрежеде жетістікке жету заңдылықтары мен құрылымдарын зерттейтін ғылым (Деркач А.А., Бодалев А.А.);
- шоғырланған ғылым. Психологиядан айырмашылығы, адамның нәтижеге жетудегі жасампаздығының заңдылықтарын зерттейді. Оның қызметінің нәтижелілігін бағалау өлшемдерін тұжырымдайды, даму және өмір сүру жағдайларын зерттейді: ғұмырнамасы, шығу тегі, қоршаған ортасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы (Кузьмина – Гаршина Н.В., Лунева Л.Ф.);
- ересек адамның жасампаздық әрекетінде өзін-өзі жетілдіру әдістерін және шығармашылық әлеует шыңына жету жағдайларын, тәсілдерін, жолдарын, заңдылықтарын зерттейтін шоғырланған ғылым (Хозяинова Г.И.);
- білім беру жүйелерін дамыту жағдайында педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзінөзі дамытуы туралы ғылым (Максимова В.Н.);.
А.Маслоу бойынша жетістікке жетудің мотивациясы ретінде өзін-өзі көрсету қажеттілігін қарастыруға болады.
А.Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзінөзін жетілдіретін және өзін– өзін меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашанда толық қанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі.
Акмеологиялық мәдениеттің құрылымына ментальды, құндылықты және креативті компоненттер енеді.
Ментальды компонентті акмеологиялық ментальдық жәнеакмеологиялық менталитет құрайды, олар сананың «терең» қабаты ретінде рефлексивті актілерді, өзін-өзі дамытуға бағдарланған адамның саналы ұғынылған мінез-құлқын анықтайды; өзін-өзі жүзеге асырушы адамның рухани және интеллектуалды мүмкіндіктері ретінде болады.
Құндылықты компонентті жоғары тұлғалық идеалдар, құндылықтар және құндылық бағдарлар құрайды, олар өзекті мақсат ретінде емес, өзін-өзі дамытудың негізі, оның тиімділігі мен деңгейін бағалаудың өлшемі ретінде болады.
Креативті компонентті іс-әрекет ретіндегі шығармашылық құрайды, ол өмір сүру әрекетінің акме-бағдарлануын, шығармашылықтың тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғалық сапа ретіндегі креативтілікті негіздейді.
Tұлғаның қалыптасуындағы субъектілік мəселелерін отандық ғалымдар Ж.Ы. Намазбаева, А.Р. Ерментаева. A.Р. Ерментаева тұлғаны оқыту, тəрбиелеу, дамыту мəселелерін жоғарыдан кейінгі білім беру саласы жағдайында қарастырудың маңыздылығын сөз етеді. Осыған байланысты ол «өзіндік даму», «өзіндік жетілу», «дербестік», «белсенділік» сияқты тұлғаның субъектілігін сипаттайтын ұғымдарды қолдану қажеттілігін айтады. Акмеология жəне психологияның ресурстарын тұлғаны қалыптастыру жəне дамыту үдерістерінде, жастық шақ кезеңінде тұлғаны дамытудың жағымсыз сценарийлерінің алдын алуда, жастардың субмəдениетінің асоциалды түрлерінің құндылықтарын алдын алуда, олардың жастарға жағымсыз əсерін азайтуда, жастардың əртүрлі субмəдениетті таратушылардың қызығушылықтарын үйлестіруде тиімді қолдану қажет. Əлем дамуының қазіргі кезеңі, əлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өзінөзі жетістікпен жүзеге асыруға қабілетті кəсіби ұтқыр мамандарғадегенқажеттіліктің артуымен сипатталады. Əртүрлі бейіндегі жəне жастағы мамандардың тұлғалық-кəсіби даму мəселесі, акмеология саласындағы зерттеушілердің назарын қызықтырып келеді (А. А. Деркач, В.Г.Зазыкин, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, И.Н.Семенов жəне т.б.). Бұл адам туралы ғылымдарды ізгілендірудің жалпы үрдісімен жəне акмеологиялық парадигмадағы басымдылықтардың алмасуымен байланысты.



«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы // "Егемен Қазақстан", 2012 ж. 10 шілде
Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д.
АКМЕОЛОГИЯ Оқулық
Алматы, 2014.
МАГИСТРАТУРА ЖАҒДАЙЫНДА ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ // Бекжанова Б. Ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің PhD докторанты

Тұрғынбаева Б.А. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: кәсіби шығармашылық жолында. - Алматы: «Полиграфия-сервис К», 2012.


Вассерман Л.И. и др. Потенциал интеллектуального развития: тестовая методика психологической диагностики. – СПб.: Речь, 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет