1-тапсырма Сәйкестендіріңіз



Дата07.12.2019
өлшемі21,1 Kb.
#53136
Байланысты:
7-сынып хат тапсырма дифференсация

«Қымбатты мама! Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрғанда алдым. Бұл 1943 жылдың 10 қыркүйегі еді. Өзіме бір-ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты сарыла күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір, алғы шепте пулеметім, жауды аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Қолым қалт еткен осындай бір сәтті пайдаланып, өзіңізге хат отырмын.

Қымбатты мама! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатып едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жалпы жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып, құшақтап сүйемін. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр. Мама, егер қаза болсам, Отан үшін, әкем үшін және сіз үшін!


1-тапсырма

Сәйкестендіріңіз
1.Хат кімге жазылған? А) Қолына бір-ақ алма тиді

2. Мәншүкке қандай сәлемдеме келді? Ә) Анасына

3. Мәншүк неге қуанды? Б)Күндіз тынығады, түнде ұйықтамайды

4. Мәншүктің соғыс аланындағы қызметі қандай? В)Анасы алмалар беріп жіберген

5. Жауынгерлер жай-күйі қандай? Г) Пулеметші

6. Мәншүк қандай түс көрді? Д) Қазіргі көңілді өмірді

7. Мәншүк нені армандады? Е) Қаза болуға

8. Мәншүк отаны, отбасы үшін неге дайын? Ж) Жеңіспен оралуды


1.________ 2.__________ 3._________ 4.__________

5.________ 6.__________ 7._________ 8.__________

2-тапсырма


Оқиғалар

Дұрыс

Бұрыс

1943 жылдың 13-қыркүйегінде анасы алмұрт беріп жіберді.







Мәншүк пулеметші болды







Мәншүк құрбысына хат жазды







Мәншүктің майдангер достары оның анасына сәлем айтты







Мәншүк түнде ұйқысын қандырып, көңілді күй кешеді







Мәншүк анасынан әдемі көйлекті сыйлыққа алды







Мәншүк Отаны үшін, әкесі үшін, анасы үшін ққрбан болуға дайын

















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет