1 тапсырма Скриниг әдістерін қолданудың алгоритмін жасаңыздар!
Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының скринингін ұйымдастыру
Ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингі туғаннан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың психофизикалық дамуын скринингтік тестілеу, көру және есту функцияларын бағалау арқылы бұзылуларды ерте анықтауға бағытталған.
Ерте жастағы балалардың нейропсихикалық дамуын бағалау баланың физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуын анықтау және бейінді мамандардың балаға уақтылы медициналық көмек көрсетуі үшін жүргізіледі.
Психофизикалық даму скринингінің міндеттері:
1) барлық жаңа туған нәрестелерді, 5 жасқа дейінгі балаларды қамту;
2) одан әрі зерттеп - қарау, уақтылы араласу және оңалту үшін психофизикалық дамуының бұзылу қаупі бар балаларды ерте анықтау болып табылады;
3) психофизикалық дамуының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдетілген педагогикалық зерттеп - қарау және түзету-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу;
4) анықталған психофизикалық дамуы бұзылған балалар туралы деректерді медициналық құжаттамаға, есепке алуды жүргізу үшін ақпараттық жүйеге енгізуді қамтиды.
5) психофизикалық дамуы бұзылған балаларды зерттеп - қарау, емдеу, оңалту мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингінің бағыты үш кезеңнен тұрады:
бірінші кезең туғаннан кейін босандыру ұйымдарында (перинаталдық орталықтар, босандыру үйлері, босандыру бөлімшелері) жүргізіледі;
екінші кезеңді МСАК ұйымдарында учаскелік қызмет жүргізеді;
үшінші кезең 5 жасқа дейінгі ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуына қайта зерттеп – қарау мен мониторингті қамтиды, МСАК ұйымдарында баланы дамыту кабинеті (орталығы) жағдайында жүргізіледі.
Босандыру ұйымдарында психофизикалық даму скринингінің бірінші кезеңінің іс-шаралары мыналарды қамтиды:
1) жаңа туған нәрестені фенотиптік қарап - тексеру;
2) есту қабілетін бағалау.
Скринингтің бірінші кезеңінде босандыру ұйымында "Неонатология" мамандығы бойынша дәрігер туа біткен даму ақауларын айқындай отырып, жаңа туған нәрестеге фенотиптік қарап - тексеру жүргізеді (Жаңа туған нәрестеде эмбриогенездің немесе Даму микроаномалиясының көрінетін стигмалары алып тасталады). Дамудың 5 және одан да көп микроаномалиясы болған кезде неонатолог жаңа туған нәрестеге "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің және басқа бейінді мамандардың (балалар хирургтарының, кардиохирургтарының, оториноларингологтарының және басқалардың) көрсеткіштері бойынша консультация беруін ұйымдастырады.
Аудиологиялық скрининг шеңберінде есту қабілетін бағалау босандыру ұйымында жүргізіледі.
Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуы скринингінің бірінші кезеңінде "Неонатология" мамандығы бойынша дәрігер жүргізілген зерттеп – қарау нәтижелерін, топ анықталған кезде ҚР ДСМ - №175/2020 бұйрықпен "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысанына ұсынымдарды, сондай-ақ босандыру ұйымынан (МАЖ) жаңа туған нәрестенің үзіндісін енгізеді.
Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуы скринингінің екінші кезеңінің іс – шаралары МСАК ұйымының педиатрының немесе жалпы практика дәрігерінің (бұдан әрі – ЖПД) бір айдан бір жасқа дейінгі баланы қарап – тексеру және бойының, салмағының, бас көлемінің центильді кестелерінің көрсеткіштеріне сәйкес нерв - психикалық дамуын бағалауды қамтиды. 5 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар үшін ай сайын бас көлемінің жас шамасына арақатынасының центильді кестелері 13-қосымшада (№1, 2 кестелер) келтірілген. Осы кестелер бойынша шала туған нәрестелерді бағалау кейінгі жасқа жеткенде жүргізіледі.
Бас көлемінде, салмағынан, бойынан екіден артық сигмалдық ауытқулардың ұлғаю немесе азаю жағына қарай ауытқуы, баланың психофизикалық дамуының бұзылуы анықталған кезде МСАК ұйымының учаскелік медицина қызметкері (дәрігер, фельдшер немесе мейіргер) тұқым қуалаушылық патологиясының сараланған және синдромдық диагностикасын жүргізу үшін "Неврология (балалар)" мамандығы бойынша дәрігердің және "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің консультациясына жібереді, сондай-ақ прогрессивті тәсіл шеңберінде жеке жоспар жасай отырып, патронаждық бақылауды ұйымдастырады.
Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуы скринингінің үшінші кезеңінің іс-шаралары бірінші және екінші кезеңдердің нәтижелеріне қарамастан, МСАК ұйымы дәрігерінің немесе баланы дамыту кабинетінің орта медицина қызметкерінің (болмаған кезде – учаскелік медицина қызметкерлерінің) балалардың нейропсихикалық Даму шәкілдері бойынша 0 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды скринингтік бағалауды қамтиды.Немесе МСАК ұйымының баланы дамыту кабинетінің орта медицина қызметкері (болмаған жағдайда – учаскелік медицина қызметкері) бірінші кезеңнің нәтижесіне қарамастан, ерте жастағы балалардың нерв - психикалық дамуын бағалау мақсатында скринингтік тестілеуді жүргізеді.
Балалардың нерв - психикалық дамуына бағалау жүргізу мерзімдері мен жиілігі осы Қағидаларға 14-қосымшада айқындалған.
5 жасқа дейінгі баланың нейропсихикалық даму өлшемшарттарын бағалау кезінде негізгі көрсеткіштер моториканың, сөйлеу және есту қабілетінің даму кезеңдері болып табылады.
Ерте жастағы балаларды скринингтік бағалау 1 жасқа дейінгі және 1 жастан асқан балалардың нерв - психикалық даму шкаласы бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |