1 тапсырма Скриниг әдістерін қолданудың алгоритмін жасаңыздар!



бет2/2
Дата22.11.2023
өлшемі20,67 Kb.
#192839
1   2
Байланысты:
Скрининг психофиз

Үшінші кезеңде дәрігер немесе баланың даму кабинетінің орта медицина қызметкері нерв - психикалық даму шкаласы бойынша 1,75 балдан төмен психофизикалық дамуының бұзылу қаупі бар балалар анықталған кезде учаскелік медицина қызметкеріне (дәрігер, фельдшер немесе мейіргер) жібереді, ол балаға "Неврология (балалар)" мамандығы бойынша дәрігердің және "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің консультациясын тұқым қуалаушылық патологиясының сараланған және синдромдық диагностикасын жүргізу үшін ұйымдастырады.
Аудиологиялық скрининг нәтижелері бойынша нерв-психикалық даму және есту шкалалары бойынша бағалау нәтижесі бойынша көру қабілетінің бұзылу қаупі бар балалар анықталған кезде учаскелік медицина қызметкері (дәрігер немесе мейіргер) көру немесе есту қабілеті бұзылған тұқым қуалайтын патологияның сараланған және синдромдық диагностикасын жүргізу үшін "Офтальмология (балалар)" және (немесе) "Оториноларингология (балалар сурдологиясы) (балалар)", "Медициналық генетика" мамандықтары бойынша дәрігерлермен консультация беруді ұйымдастырады.
Скринингтің үшінші кезеңінде учаскелік медицина қызметкері (дәрігер, фельдшер немесе мейіргер) психофизикалық дамуында бұзылу қаупі бар балалар анықталған кезде Нейропсихикалық даму шкаласы бойынша тестілеу нәтижелері бойынша аумақтық ПМПК-ға жібереді.
Босандыру, МСАК ұйымдарының басшылары барлық кезеңдерде сабақтастықты сақтай отырып, ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуына скринингті қамтуды және сапалы жүргізуді ұйымдастырады.
Босандыру және МСАК ұйымдары ай сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларына және аумақтық ПМПК-ға ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуына скрининг жүргізу туралы ақпаратты ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуына скрининг жүргізу кезінде анықталған психофизикалық ауытқулары бар балалар туралы ақпаратты береді, есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде тоқсан сайын жіберілген балалар туралы ПМПК-мен салыстыру жүргізеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде жетекшілік ететін республикалық орталықтарға психофизикалық дамудың жүргізілген скринингі туралы есепті (16-қосымшаға сәйкес анықтама және жиынтық ақпарат) жібереді, олар есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде жиынтық есепті және талдамалық ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет