Бұл тапсырманың жалпы ерекшелігі ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, тапқырлықты керек етуге бағытталған логикалық
тапсырма.Креативті ойлауға итермелейді. Есеп оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді.
«Картоп» гарнирі
«Картоп» гарнирі тапсырмасын шығару кезінде бұрыннан белгілі қандай да болмасын заңдылықтарды есеп шартына қолдана отырып, есептің талабына жауап ізделініп отыр. Яғни, формуланы оның салдарына белгілі бір ретпен қолдана отырып, есеп талабына жауап беруге негізделген. Тапсырма қарапайым өмірмен байланысты.
Қар ұшқыны
Қар ұшқыны шығармашылық ойлауды қажет ететін дамыту тапсырмасы болып табылады. Проблемалық және эвристикалық деңгейдегі математикалық, логикалық, интуициялық, тапқырлықты қажет ететін тапсырма.
Ассоциациялар қатары
Берілген сөзді талдап, ұқсастығымен айырмашылығын талдап, салыстырып, оздігінен ой түйіндеп шешім қабылдауға бағытталған. Ой ұшқырлығын,сәйкестікті ойлауғу итермелейді. Басқа тапсырмалардан айырмашылығы жеңіл түрде берілген.