1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 3. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны



бет38/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 3. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны
XX ғасыр әдеттен тыс ғажайып жағдайларға толы. Соның бірі - этникалық жаңару, қайта өркендеу мәселесі (этнос деген грек сөзі, тайпа, халық деген мағынаны білдіреді). Бір жағынан, біздің заманымыз дүние жүзіндегі барлық адамдардың тағдыры бір, ортақ, өзара тығыз байланысты және тәуелді екендігін түсініп-білу, сезінумен сипатталады. Екінші жағынан, барлық континенттерде адамдардың ықыласы кенеттен өзінің этникалық және аймақтық құрамына деген ұмтылыспен, өзінің түп тамырын, шығу тарихын зерттеп, білуге тырысушылықпен ерекшеленеді.
Мұны немен түсіндіруге болады? Ғылыми-техникалық революцияның салдарында пайда болған өмірдің біркелкілік пен бір үлгілікке еткен жауабы ма? Әлдебір кездегі қор болған тарихи және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруді көксеу ме? Өз ұлтына, оның тағдырына ортақтастықты сезіну арқылы жалғыздықтан құтылуға, өмірден қағажу қалмауға тырысу ма? Әлде өз халқының музыка тілі мен әніне деген үміт, сенім бе?
Бір кезде баянды, берік мызғымастай болып тұрған мемлекеттерде қарулы қақтығыстар бүрк етіп, олардың тұтастығына не себептен қауіп төнеді? Бұл жағдай экономикалық және әлеуметтік күйзелістерді басынан кешіріп отырған бұрынғы Кеңестер Одағы, Югославия, Чехословакия сияқты елдерде ғана емес, сонымен қатар Бельгия, Канада, Ұлыбритания сияқты бұл жағынан әбден сәтті дамып, өркендеп келе жатқан елдерге де тән. Мұны немен, қайтіп түсіндіруге болады? Қоя берсек, сұрақ көп. Мұның бәрі бұл тақырыптың әлі толық зерттелмегендігін және де өзек жарды, шешуін күтіп тұрған күрделі мәселе екендігін білдіреді.
Ұлт деп жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктерімен психалогиялық құрылымыныц ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік-этникалық, бірлестігін айтады. Әлеуметтік аспект ұлтты өндірістік қатынастармен байланысқан қоғамдық таптардан тұратын әлеуметтік-экономикалық тұтастық етіп танытады. Ол белгілі бір жүйенін ұлттарында қандай ортақтық бар, оларды өзара, шын мәнінде, не жақындастырып, туыстастыратындығын білдіреді. Ұлттың құрамында тіл, жер, ұлттық сана-сезім, мәдениет этникалық аспектіні көрсетеді. Ол арқылы біз ұлттардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екендігін, қалайша ажыратылатындығын білеміз.
Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады. Бұл мұқтаждықтардың табиғатын тану үшін әлі зерттеулер жүргізу керек. Дегенмен, оған азаматтық ар-намысқа тырысу, этнопсихологиялық бірлікті, табиғи-тарихи ортақтықты сезіну кіретіні анық.
Соңғы онжылдықтарда Батыс саясаттануында этникалық саясат деген жаңа бағыт пайда болды. Ол - дүние жүзіндегі болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды, ұлттық шиеленістерді түсіндіруге, оларды шешу жолдарын анықтап, сондай-ақ белгілі бір аймақтарда мұндай дау-дамайлардың болуын алдын ала болжай білуге арналған жалпы теория. Бұл теория этникалық дау-жанжалдарға плюралистік қоғамда әрдайым кездесіп тұратын әдеттегі жағдай сияқты қарайды.
Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты саясаттар белгілі.
Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуін айтады. Бұл саясат оны заң жүзінде сіңіскен халықпен тең деп санайды, бірақ оның өзіндік ерекшелігін танып, мойындамайды.
Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті айтады. Бұл адамдар арасындағы айырмашылықты бекітіп, "екінші" халықты тендік жөнінде кандай болмасын мәселе көтеруге мүмкіншілік бермейді. Соңғы кезге дейін сегрегация Оңтүстік Африка Республикасында бой көрсетті. Әдетте, ұлттық топты алалау нәсілдің теңдік принципін формальды түрде мойындаумен қатар жүрді.
Геноцид деп адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыруды немесе қудалауды айтады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл белгілі бір әлеуметтік, мәдени немесе биологиялық топтың қатарына жатуын кінәлаудың жасырын түрі. Мұнда ұлттық немесе нәсілдік топқа енуді желеу етіп, бір халықты түгелдей жауапкершілікке тарту жатыр.
Мысалы, мұндай саясатқа 1915 жылы түрік мемлекетінің армяндарды, фашистік Германияның еврейлер мен цыгандарды қыруы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ішінара славян халықтарын қырғынға ұшырату (онда беларус халқының төрттен бірі қырылды) жатады. Бұрынғы Кеңес мемлекетінің тарихында жаппай жауапқа тарту репрессияға ұшыраған халықтарға қолданылды. Оған Поволжьеде тұрған кеңестік немістер, қырымдық татарлар, месхеттік түріктер, шешендер, ингуштер, қарашайлықтар, қалмақтар, корейліктер және т.б. халықтардың тағдыры мысал бола алады.
Қазіргі кезде мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі қатынастардың демократияланып, адамгершілік көзқарастарың басшылыққа алған шақта ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығына, ұлттық автономия мен федерация қағидаларына негізделген саясатты көпшілік оң қабылдап, дұрыс деп тауып отыр. Ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылымын өзі шешу мәселесі алғашында Европада буржуазиялық-демократиялық революциялардың жеңуіне байланысты пайда болды. Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.
Ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу принципінің зандық және саяси жағы бар. Заң жүзінде қай халық пен ұлт болмасын өз мемлекеттік құрылысын өзі шешуге тиіс. Бұл құқықтың қандай түрде шешілуі (халық не ұлт бөлініп шыға ма, федерация құра ма, әлде басқа жол таба ма) мәселенің саяси жағына жатады. Қазіргі кезде федерализм принцип ретінде, федерация мемлекеттік өкіметтің ұйымдастырылу түрі ретінде саясатшылардың, фәлсафашылардың (философтардың), социологтардың, мемлекеттанушылардың және т.б. ілімнің әр түрлі саладағы ғалымдарын толғандырып жүрген мәселе.
XX ғасырдың бірінші жартысында барлық елдердің дамуы өкіметгің, биліктің бір ортаға бағынып, шоғырлануымен сипатталады. Ал 60 жылдардың аяғынан бастап, керісінше, үлкен орталықтар ыдырап, жергілікті жерлер билікті өздері алуға тырысу, автономия, федерациялар құрушылық көбейді. Федерализм деп автономиялық, тәуелсіз құрылымдар одағын айтады. Мұнда біреу біреуді бағындыру арқылы емес, мемлекетаралық одақтардың құрылуы мәселелерді үйлестіру арқылы шешуді басты мақсат деп санайды. Федерация мүшелерінің арасында бәрінің мүмкіншіліктері бірдей, тепе-теңдік болғаны, алаланбағаны жөн. Кейде арасалмақтың уақытша бұзылуы мүмкін. Бірақ біреуінің шектен тыс күшеюі барлық одақтың тұтастығына нұқсан келтіреді. Бұлай болмауы үшін жоғарғы және жергілікті екі өкіметгің арақатынасы, олардың міндеттері және т.б. конституциясында айқындалуы керек. Екі биліктің қайсысы болмасын шектен тыс басымдыққа ие болмауға тиіс, олай болса, екінші жақтың конституциялық құқығы бұзылады, арада кикілжін пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет