1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 5. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны



бет40/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 5. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кенес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шеттетілуінің атеистік (құдайға сенбеушілік) идеологияның үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі айыға қойған жоқ. Сондықтан біздің жұртшылыққа бұл мәселені толық түсіне қою оңай емес. Ал шетелдерде діни идеологияның адамдар іс-әрекетіне елеулі ықпалы бар және ол түрлі түрде көрініс береді. Мысалы, Италияда жастардың 80%-ы дінге сенеді, олардың 67,3%-ы өз өмірлерінде құдай маңызды рөл атқарады деп есептейді. Бұдан олар үшін дүниеге діни көзқараспен қараудың ерекше орын алатындығын байқаймыз.
АҚШ-тағы ұлт-азаттық күрес кезінде діни қайратқерлердің көбі революцияға қатысып, кұлдықты жоюға, спирт ішімдіктерін тыюға, әйелдерге дауыс беру құқығын беруге және т.с.с. шақырды. Кейбір діндер әділеттілікті бұзған, құдай жолынан тайған басшыларды биліктен қууға халықтың құқығы бар деді. Бірқатар діндер еңбекқорлықты құдайға құлшылық етудің әдісі ретінде қарайды. Кейбір мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарын сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатады. Оның мысалы ретінде Иран мемлекетін айтса да болады.
Мұнда көңіл аударатын тағы бір мәселе - мемлекет пен діннің арақатынасы. Адамзат тарихында ол 3 түрлі шешіліп келді: I) мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру, 2) мемлекетті діни мекемелерге бағындыру, 3) мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол негізінен 2 түрлі шешіледі: 1) мемлекетпен діннің имандылық одағының негізінде, 2) мемлекет пен діннің бөлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы. Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Ол халықты тәрбиелейді, адамгершілік көзқарасты қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық-қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін қоғам мен мемлекет өмірінің демократиялануы діни жағдайларға да игі әсерін тигізді. Дінге сенушілер көптен күткен бостандықтарын алды, елімізде діни өмір жандана бастады. 1992 жылдың 15 каңтарында "Дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Ол діни бірлестіктер қызметін құқықтық жағынан реттейді. Азаматтарды дінге деген көзқарасына қарап олардың құқықтарын шектеу немесе осыған байланысты жауыздық пен алауыздықты тудыру, не азаматтардың сезіміне кір келтіру Қазақстан Республикасының Заңы бойынша жауапқа тартылады.
Соңғы кезде елімізде дінге сенушілердің саны көбеюде. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, казір олар халықтың 35-40 пайызын құрайды. Республикамызда 2000-ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді. Елімізде көптеген діни мектептер ашылуда, бірқатар жастар шетел діни оқу орындарында оқуда. Шамасы келгендер Меккеге барып, қажылық жасауда. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі - дінімен қайта қауышуда.
Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы деген не?
2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы қалай жіктеледі?
3. Республикамыздағы әлеуметтік құрылымның даму үрдісін (тенденциясын) қалай түсінесіз?
4. Ұлттық саясат деп нені айтады?
5. Тұлға өзінің ұлтын қандай белгілерге байланысты анықтайды?
6. Адамдар қауымдастығының қандай түрлсрін білесіз?
7. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны қандай?
11 - т а р а у. САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет