1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 5. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері



бет47/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 5. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері
Саяси әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі мүмкін. Ашық түріне мәліметтерді, сезімді, құндылықтарды тікелей беру жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді оқыту арқылы жастарды оқытып үйрету. Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу жатады. Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен (демократиялық тәсілмен, қатаң жазалау арқылы мәселені шешу әдісімен немесе саясатқа селқос қараушылық) қалыптасуы мүмкін.
Саяси әлеуметгену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлекет, партия, діни ұйымдар және жеке саяси оқиғалар.
Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д. Истон мен Дж. Деннис 12 мың Америка балаларын сұрақ-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуінін, 4 кезеңін көрсетеді: 1) саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы; 2) жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицейский тұлгасы арқылы жекелеп сезінуі; 3) дәріптеу, яғни саяси қайратқерлерге тек жақсы қасиеттерді таңу; 4) институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институтгар арқылы (партия, сот, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.
Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжалдың қалай шешілетінін байқайды, бағыну немесе бағынбауға үйренеді.
Қазақтар "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп тегін айтпаган, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында калады.
Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы - мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды. Д. Истон мен Дж. Деннис зерттеген 12 000 оқушының 95%-ы "Америка - әлемдегі ең тандаулы ел", "Америка жалауы - дүниедегі ең жақсы жалау" деген тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мұғалімдердің 99%-ы окушыларға күнде америка жалауын көрсетсе, 91 %-ы ол туға берілгендігін дөлелдеуді талап етіпті, 60%-ы "Тамаша Америка" деген отан-сүйгіш әнді орындатып отырған.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастардағы аралық. Бұл - адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әрекетіне өмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.
Ең соңында зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Қайсы бірі қогамдық өмірге аз да болса қатысқанына риза болады, көңіліне медет табады.
Саяси әлеуметтену институттарына, жоғарыда атап көрсетілгендей, отбасы, білім жүйесі, сонымен қатар мемлекет, партия, діни ұйымдар жатады. Кейде оған жеке саяси оқиғалар да қатты әсер етуі мүмкін. Мысалы, 1986 ж. Желтоқсан окиғасы қазақ халқының саяси санасына сілкініс жасап, көп нәрсеге көздерің ашып тастады.
Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір идеалды негіздеп, қоргап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған қазыналары, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны тәрбиелейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет