1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 2. Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер



бет44/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 2. Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер
Жоғарыда біз саяси мәдениетке саяси сана мен саяси іс-әрекеттер жатады дедік. Кең мағынасында бұл дұрыс. Сонымен бірге ол - күрделі мәселе. Сондықтан өз кезегінде олар нені қамтитынын тереңірек білген жөн. Енді соған келейік.
Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т. с. с. түсініктерді қамтиды.
Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "теңдік", "әділдік", "әлеуметтік қорғанушылық", "автономия", "төзімділік" және т. б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі - кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар теңдікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Екіншісі - еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық деп санайды. Үшіншісі - әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол тоталитарлық тәртіптің күшімен орнаса да) бәрінен артық көреді. Төртіншісі - автономияны қалайды және т. с. с. Мысалы, қойылған сұраққа жауап берген американдықтардың 74%-ы еркіндікті бірінші орынға қойса, 20%-ы теңдікті жақтапты. Ал еуропалықтар болса, тең жартысы бостандықты, соншасы тендікті жоғары қойған. Бұдан біз кімдер қандай саяси бағдар ұстанатындығын байқаймыз.
Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі – адамдардың мемлекетке, саяси партиялармен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда бірпартиялық, жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Демек, әрбіреудің, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.
Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстауда кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ағылшын сайлаушылары саяси серкеге емес, партияға бағдар алады. Ал АҚШ-та мемлекет басшысын сайлағанда партияға емес, президентке үміткердің тұлғасына бағдар ұстайды. Үндістанда да солай, кімді жақсы білсе, соған дауыс береді.
Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүріс-тұрыстың орны зор. Мысалы, екі жапондық кездессе бір-біріне иіліп сәлем береді. Сонда ол елдің ғұрпын білетін адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бірден байқайды. Себебі, ол төменірек иіледі. Ал бұрынғы КСРО-да өтірік айту етек алған. Өтірік "халық жауы" деп соттау, интернационалдық борышымызды өтейміз деп Чехословакияның, Польшаның, Венфияның, Ауғанстанның ішкі ісіне араласып, әскер кіргізу, сайлау кезінде сайлаушыларды алдау және т. с. с.
Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне сояси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Ел-таңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгілері және т. б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т. б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. Әр түрлі елдерде бұл әрекеттердің үлгілері біркелкі емес. Мәселен, саяси шиеленістерді алайық. АҚШ-та әлеуметтік-саяси кикілжіңдерге қалыпты жағдай, тіпті, қоғамның ілгері дамуы үшін керек нәрсе деп қарайды. Сондықтан онда саясатшы дау-дамайдан қашпайды. Ол шиеленісті шешуге, саяси қопарылысқа жеткізбеуге, оны басқара білуге үйренеді.
Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деген сұрақ туады. Соған келейік.
Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттың саяси рәміздерін (Туын, Ел-таңбасын, Әнүранын және т. б.), адамның саяси өзін-өзі ұстау үлгілерін (мысалы, Кеңес өкіметі кезінде Павлик Морозовтың әкесін ұстап беру "ерлігі") қалыптастырады. Егер мемлекет тоталитарлық сипат алса, онда оның рөлі тіпті жоғарыдай түседі.
Себебі, ол демократиялық жағдайда азаматтық қоғамның қолында болатын міндеттердің бәрін жеке өз қолына жинап алады.
Мемлекетпен қатар (көп жағдайда сонымен тығыз байланыса отырып) саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық системаларға белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Партияның рөлі әсіресе мемлекетпен сіңісіп, тұтасып партиялық-мемлекеттік құрылыс құрған елдерде өте биік келеді. Мұндай жағдай көбіне партия бүкіл билікті қолына алған бірпартиялық, системада орнайды.
Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды (шіркеу, мешіттерді) қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тудырып, бағыт беріп, адамдарға саяси сана мен өзін-өзі ұстаудың негізгі үлгі-өнегесін жасайды. Мысалы, олардың көбі қазір зорлық-зомбылықка, озбырлыққа, күш көрсетуге қарсы. Мұндай жағдайларды олар көпшілік алдында айыптап, бетке басады. Сондықтан біраз елдерде олармен мемлекет басшылары санасуына тура келеді. Діннің рөлі, Ватиканды айтпағанда, әсіресе Италия, Иран, Польша сияқты елдерде кең өріс алған.
Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын көпшілік ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Қазір оларды биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми-техникалық революция жағдайында теледидардың рөлі орасан өсті. Бүгін әлемде, өз елінде болып жатқан жаңалықтарды миллиондаған адам теледидар арқылы көзімен көре алады. Сондықтан ішкі және сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Бұл салада бизнес әлемі де белгілі рөл атқарады. Дамыған капиталистік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та және т. б. елдерде, әсіресе сайлау алдында көпшілік дауыс алу үшін саяси қайратқерлерді қайткенде жағымды жағынан жариялап, оның озық қасиеттерін суреттеп, жарнама жасауға баса назар аударылады. Басқа сөзбен айтқанда, саудагерлер өз тауарын тиімді сату үшін қаншалықты тырысса, сондай көріністі мұнда да байқауға болады.
Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде қатынасушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі, әсіресе Америка Құрама Штаттарында өзгеше көзге түседі. Онда мемлекет пен университеттер, зерттеу орталықтарының арасында үздіксіз алмастыру тәртіпке айналып кеткен. Үкімет кабинеті ауысқанда, отставкаға кеткенде жоғары төрелер академиялық қауымға келеді (олардың көбі кезінде сол қауымнан көтерілуі мүмкін). Ал сайлауда жеңген партияны қолдаған көрнекті саясатшылар, экономистер, юристер үкімет үйіне көшеді (мысалы, У. Ростоу, Г. Киссинджер, Э. Бжезинский сияқтылар солай болған). Басқа сөзбен айтқанда, гуманитарлық ғылымдардың ірі өкілдері қоғамдық санада және қызметте бір принциптерді, нұсқаулар, ережелерді дайындап, екіншілерінің күйреуіне жол ашып, саяси ұсыныстарды дайындайтын теоретиктер ғана емес, оларды іске асыруға да белсенді араласады.
Кейбір елдерде саяси мәдениетгі қалыптастыруға әскер қатысады. Мысалы, бұрынғы Пруссияның немесе фашистік Германияның, тіпті бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдениетінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады. Онда армия жұмысының кейбір принциптері, ережелері, өнегелері азды-көпті болсын саяси өмірге ауады (мәселен, жеке-дара басшылық ету, бұйрық бойынша жұмыс істеу, асқан құпиялылық, күш қолдануға бейімділік, казармалық тәртіп және т. с. с.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет