Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы
ОБӨЖ
Тақырыбы: Бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтарын ашып көрсетіңіз
Қабылдаған: Сыздықова Г. Ж.
Орындаған: Пахир Гулназ
Тобы: ЖФИ 111
Туркестан 2022ж
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
Бірпартиялық,екіпартиялық және көппартиялық жүйелерге шолу
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Партиялық жүйенің типтері санына және сапасына байланысты жіктеледі. Қазіргі саяси ғылымда партияларды санына қарай жіктеу үлесі кең тараған. Осы орайда біз М. Дюверженің және ресейлік ғалымдар В.П. Пугачев пен А.И. Соловьевтің партиялардың санына орай жіктеуін қарастырамыз.
Сонымен, елдегі партиялардың санына қарай М. Дюверже бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық партиялық жүйелерді атап көрсетеді. Жалпы алғанда, партиялық жүйенің типтерін санына байланысты жіктеу Австралия, Жапония, Батыс Еуропаның елдері, АҚШ сияқты дамыған демократиялық елдердің партиялық құрылымын бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда шығу тегі жағынан итальяндық америкалық саясаттанушы Дж. Сарторидің жіктеуі Латин Америкасы, Азия, Африка тәрізді дамушы елдердің партиялық жүйесінің мәнін ашып көрсетуімен ерекшеленеді. Ол партиялардың арасындағы идеологиялық аралыққа негізделген күрделі жіктеу ұстанымын атап көрсетеді. Зерттеуші өзінің «Партии и партийные системы» деген еңбегінде жеті сатыдан тұратын жіктеу үлгісін ұсынады:
• бірпартиялық жүйе;
• гегемонды партиялық жүйе;
• үстемдік етуші партиялық жүйе;
• екіпартиялық жүйе;
• шектелген плюралистік жүйе;
• соңғы шектегі полярлы плюралистік жүйе;
• атомдалған жүйе.
Іс жүзінде зерттеуші осы жіктеуін бірпартиялық және көппартиялық жүйелер жағдайына негіздеп тұжырымдаған.
Бірпартиялық жүйе билікке тек бір ғана партияның монополиясы үстемдік етуімен сипатталады. Билеуші партияның билік үшін күрес жүргізетін бәсекелесі болмайды. Мұнда билеуші партия бәсекелес әрі бақылаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті өз қолына жинақтап, мемлекеттік құрылымды толықтай басқаруды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |