1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



бет53/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 2. Саяси процестің жіктелуі
Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т. б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ыкпалының деңгейін көрсетеді.
Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.
Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.
Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады.
Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіңдерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың хал-ахуалы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарының іс-қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.
Тұрақсыз жағдай әдеттс қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соқыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халыктың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т. с. с. әлеуметтік кикілжіңдер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келелі. Оны реформалық және революпиялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жана заң актілері арқылы сол қоғамның шенберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады. Революция - қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік-саяси өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алады.
Бұл екі жолдың да өз жақтастары мен қарсыластары бар. Революциялық жолды басшылыққа алушылар - марксистер. "Саяси экономия сынына" деген кітапқа жазған алғы сөзінде К. Маркс былай деп көрсетті: өндіргіш күштер өз дамуының белгілі сатысындағы дамуына бұғау болатын өндірістік қатынастарға қайшы келеді. Сол кезде әлеуметтік революция замаиы туады. Оның қолдаушылары реформа қогамды ішінара жарым-жартылай ғана өзгертеді, әлеуметтік шиеленісті уақытша бәсеңдетеді деп түсіндіреді. Әрине, билеуші топтың, таптың саясаты көпшілік жұрттың талап-тілегіне қайшы келіп ерік бостандығы тапталса, тығырықтан шығар басқа жол болмаса, әлеуметтік революция болуы мүмкін. Бірақ оның елеулі кемшіліктері бар. Ең алдымен, ол жолда көптеген адам құрбан болады, ғасырлар бойы жиналған материалдық қазына-байлықтар мәдени мұра, ескерткіштер қирайды. Қоғам өміріне қыруар шығын келеді. Біраз жағдайда оның немен бітуін де болжап айту қиын. Сондықтан адамзат қазір өзгерістерді біртіндеп жасағанды жөн көреді. Сонда қоғам дамуында бірнеше мүмкіншіліктен сң тәуірі іріктеліп. Қателіктер асықпай түзетіліп халықтың қалауынан өтеді.
Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтсрілісте жасалады. Оны ұйымдастырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Ол саяси немесе саяси емес те болуы мүмкін. Революциямен салыстырғанда оның көбіне ауқымы тарырақ, мақсаты нақтыланған болып келеді. Кейде саяси билікті қолға алу үшін қарулы көтеріліс ұйымдастырылуы мүмкін.
Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдырғыштығымен сипатталады.
Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы есептеп, терең ойланған бағдарламасы болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет