1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 3. Саяси процеске қатысу түрлері



бет54/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 3. Саяси процеске қатысу түрлері
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.
Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару кызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлау-шылар адцында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі - институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі – сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уакытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4-6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.
Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыиу және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау еткізіледі. Ол біткен сон берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады.
Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардын халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады.
Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйымдастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды.
Сайлаушылар өз таңдауын жан-жақты ойланып, саналы түрде жасауы тиіс. Олар қай партияның, қай үміткердің бағдарламасы өз көзқарасына, мақсат-мүддесіне көбірек сай келетінін жақсы ойластырғаны жөн.
Демократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын партиялардың мүмкіншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі. Теледидарды, радионы, ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануға жағдайлары келеді. Ал кішігірім партиялардың ондай мүмкіншілігі аз келеді. Сондықтан мемлекет сайлау науқаны шығынының біраз бөлігін өз мойнына алады. Сонымен қатар жеке адамдар мен ұйымдарға, сайлау алдындағы қорға қайырымдылық көрсетудің мөлшері және үміткерлердің өз қаржысынан қанша жұмсай алатын шамасы белгіленеді.
Сайлау алдындағы үгіт, сайлау болар күннен бір күн бұрын тоқтатылады. Ол сайлаушыларға өз ойын тағы да бір тексеріп, саралап шығуға мүмкіндік береді.
Сайлау жасырын дауыспен беріледі. Сайлаушының бюллетеньді қалай толтырып жатқанын ешкімнің бақылауға қақысы жоқ. Кейбір елдерде сайлау нәтижесін бұрмалауға жол бермеу үшін арнаулы дауыс беру машинасын пайдаланады.
Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін -референдум. Бұл - заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасалған тікелей үндеу. Мысалы, онда конституция қабылдау немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу және т. с. с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді парламент немесе үкімет бастығы қояды.
Референдум жеке аймақта не округте өтуі мүмкін. Онда жергілікті жердің мәселесі қаралады. Мысалы, қалалық бюджетке түсетін қосымша салық кіргізу, жаңа зауыт, фабрика, комбинатты салу немесе ондайдың ескісін жабу, үлкен магистральдық жол тарту және т. б. сияқты мәселелерге халықтың пікірін білелі. Мұндай тәсіл АҚШ-та, Швейцарияда кең таралған.
Референдумға дайындық барысында жаңа сайлау округтері құрылмайды. Оған қатысқан адамдардың көпшілігі қай шешімге дауыс берсе, сол қабылданады. Бірақ референдумның осал жақтары бар. Мысалы, көбіне шешім аз ғана басымдықпен қабылданады. Оның үстіне қоғамдық пікір тез өзгеруі мүмкін. Ондайда референдумның нәтижесі кейінгі талаптарға, халықтың тілегінс сай келмей қалуы мүмкін.
Мұндай кемшіліктерге жол бсрмеу және халықтың талап-тілегін толық білу үшін дауысқа түсетін мәселені жан-жақты талқылаған жөн. Біраз елдерде референдумға қатысқан адамдардың үштен екісі кұптағанда гана шешім түпкілікті болып саналады Дегенмен, рефендумды халық билігінің мінсіз түрі деп атауға болмайды. Себебі, үкімет сұрақты қойғанда өзіне керек жауапты аларлықтай етіп қиюлайды. Оған қатысушылар "иә" немесс "жоқ" деп қана жауап береді де, басқаша түзету кіргізе алмайды.
Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапайым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.
Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге кқатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.
Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары қайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермелеушілік, ұстамсыздық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдастырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бакылау жасайтын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.
Шеру (демонстрация) - белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады.
Ереуіл - саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі көбіне әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т. б. Ереуіл күрес жүргізушілердің ақырғы амалы болып табылады. Себебі, оның зардабы бүкіл қоғамға ауыр тиюі мүмкін. Оның салдарында шаруашылық байланыстары үзіліп, экономикаға нұқсан келеді. Ереуіл жасаушылардың өздеріне де осал тимейді. Сондықтан ереуілге шықпас бұрын оның салдары жөнінде терең ойлану керек. Егер шығатындай болса, ол жоғары деңгейде ұйымдастыруды, мақсатын, талаптарын, өткізілетін уақытын айқындауды талап етеді. Ереуіл кезінде жазатайым құрбан болу не басқа келеңсіз жағдайлар тууы мүмкін. Олардың отбастарына көмек көрсетуге тура келеді. Солардың бәрі алдын ала жан-жақты ойластырылуы керек.
Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т. с.с. болуы мүмкін.
Қазіргі адамдардың сауаты өскен, білімі жетілген, ой-өрісі кең, әлемдегі жаңалықтарды дер кезінде жақсы біліп тұрады. Мұның бәрі оның саяси санасына зор ықпал етіп, белсенлілігін арттыруда. Сондықтан саяси ұрандарға, бағдарламаларға сын көзбен қарайды. Бұрынғыдай сайлауға қатысу, партияның кәсіподақтың мүшесі болу қанағаттандыра бермейді. Олар азаматтық белсенділіктің демократиялық қозғалыстардың басқа түрлерін іздеуде. Шетелдердің көбінде экологиялық, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар кең етек алды. Мұндай қозғалыстардың біздің елімізде де қолдау тауып жатқаны қуанарлық жәй.
Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шеттелуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т. с. с. себеп болуы мүмкін.
Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне және т. б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі - оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет