§ 4. Марксистік саяси идеялар.
XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылыктарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.
Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терендеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңадығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша күн туралы ілім болды.
Маркс пен Әнгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндстті орындайтын қоғамдық күш — жүмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат — буржуазиялык когамның ең рево-люцияшыл, ең ұйымдаскан, ең саналы және интернаиионалдық табы.
Маркс псн Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетари-атгын озінін мснімікті саяси партиясы — Коммунисгер партиясы болуға тиіс, ол жүмысшы козғалысына басшылық жасауға тиіс деген кағиданы негіздеді.
Маркспен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин( 1870—1924) бол-ды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының зандылыктарын зерттеді. Жаңа түрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялык революцияның социалистік революцияға үласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы түжырымдама жасады (бүған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы кағиданы колдады. Пролетариат диктатурасынын мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.
Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда проле-тарлык мемлекеттің рөлін айкыңдап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат бол-майдыдеп ұқты.
Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналган сұрақтар
Саяси ғылымнын тарихын окып-білудің маңызы недс?
Аристотель мсмлекеттің түрін бөлгенде қандай өлшемді басшы-
лыкка алды?
Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншікке калай карады? Неге?
Платон мен Аристотель мемлекеттік басқарудың түрі ретінде де-
мократияға не себепті карсы болды?
Ортағасырлык саяси идеялардын ерекшеліктері неде?
"Макиавеллизм" деген не?
Утопиялық социалистердің саяси көзқарастарындағы кемшіліктер
кандай? Олардың еңбсктеріндегі жалпыадамзаттық идеяларға не-
лерді жатқызар едіңіз?
8. Қоғамдық келісім теориясы деп нені айтады?
9. Марксизм саяси өмірді танып білуге кандай үлес косты? Қазіргі кезде марксизмнің дағдарыска ұшырау себебі неде?
10. Асанқайғы мен утопист социалистер көзкарастарында кандай ортақтық бар деп ойлайсыз?
11. Қазақ халкынын рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?
12. Батыс Еуропадағы Кдйта өрксндеу дәуіріндегі процестермен ка-зіргі біздін слдсгі саяси процестердің арасында ұксастық бар ма? Болса кандай?
3 – дәріс. Билік- саяси феномен.
Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Себебі ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Саясаттың негізгі мәселесі —билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларынын бірі, қоғам қайратқері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалык жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп пікір айтқан.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар қалыптасқан. Солардын негізгілері мыналар:
1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс ( 1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше үздіксіз билік үшін ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрін айтады.
3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, іс шараларды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4. Құрылымдық анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп түсіндіреді. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, калайды дейді. Солардың нәтижесінде, олардың ойынша, билік қатынастары пайда бола бастайды.
5. Конфликтілік анықтама бойынша билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, және шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіріледі.
6. Көптеген ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде карайды.
7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы айтылған көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім кабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипатгайды.
Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортак пікір, анықтама жок екенін байкадық. Батыстын әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек аныкталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж. К. Шевалье айткандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымынын айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нактылы, шын мәніндегі биліктін өзі көбірек ойландырған, магнитше тарткан.
Дегенмен, ғылым болғандыктан аныктама беріледі. Мысалы, "Философиялык энциклопедиялык сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға кабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардын жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсы бір амал-әдістер — бедел, құқық күштеу арқылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь ". М., 1983, 85-бет). Біздінше, билік деп біреудін екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында өзгеріп отырады. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Жалпы айтқанда, ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін қажет.
Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына аксуйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ыктиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, окдіауланып, оның үстінен қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондыктан саяси биліктің пайда болуын казіргі саясаттануда мемлекеттін пайда болуымен байланыстырады.
Әдетте, "билік" деген сөз әртүрлі мағынада қолданылған. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлінген: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқыктық, әскери, рухани билік және т.т. Бірақта биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондыктанда саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
Биліктін басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің төмендегідей ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұрады, ал оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, және мемлекет шенберінде ашық күш колдана алуы.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктін қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:
1. Эконамикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты үстау үшін қаншама қаржы кетеді. Оның үстіне, әдетте, билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы, АКШ-тың көрнекті президенттері: Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", Л. Джонсон "Кедейлікке қарсы соғыс" және т.с.с. бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар акша іздестіруге тура келеді.
Экономикалык қорға қоғамдык өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді.
2. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. .Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Қазіргі Батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сактауға халыктың көпшілігі мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, сая-си билік басына келгендер соларға арка сүйейді, көпшілікті мұктаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділет-тілік, халыкты сактандыру кен дамыған. Мысалы, зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалакысының 90%-ға дейінгісін ала алады, нешетүрлі қайырымдылык қорлары жұмыс істейді және т.с.с.
3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.б. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.
4. Ақпарат қуралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайратқерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жагдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы Шын жөнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялык партиялар бар елдерде арта түседі.
5. Ақпарат құралдарымен катар билікті жүргізуде информациялық қордың да манызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматгы алу, оларды тарату бүгінгі танда алдыңғы катарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардын (жапондыктардың) айтуынша, информация кімнің колында болса, XXI ғасырда билік сонын колында болады дейді.
Саяси билік әлеуметтік институттар аркылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалык, информациялык, адамдык жайттар, қоғамдык қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді камтамасыз ететін ережелер аркылы іске асады.
Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, куш, байлык, зан, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама акпараттар жатады.
Билікті жүзеге асырғанда кұкык, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, кулык, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар пайдаланылады. Оны жузеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылык ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.