1 Тарау Сызықты тұрақты ток тізбектері. Элект тізбектің элементтері
Электр тізбек дегеніміз – өз ара байланысқан ток жүретін электр энергия көздері және электр энергия қабылдағыштарының жиынтығы.
Электр энергия көздері дегеніміз – электрлік есем энергияны (химиялық, жылулық, механикалық және т.б.) электр энергияға түрлендіретін құрылғы (гальваникалық элемент, термоэлемент, генератор және т.б.)
Электрэнергия қабылдағыштары дегеніміз– электрлік энергияны электрлік емес энергияға (жарықтық, жылулық, механикалық және т.б.) түрлендіретін құрылғы (электр шам, жылытқыш аспап, электр қозғалтқыш және т.б.)