Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс тепкен. Керейлердің мекені – Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь және Тобыл өзендері аралығы. Қаңлылар Қаратау бауырын, Сырдария мен Жетісу өзендері бойын мекен еткен. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрған. Жалайырлардың мекені – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу. Үйсіндер Жетісуда қоныстанған. Қазақ хандығының іргесін нығайтып, күш-қуатын арттыруға, ірі, дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер қазақ қоғамының билеуші топтарының мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы, Қаратау баурайындағы, Сырдария бойындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың көпшілігі 15 ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. 15 ғасырдың басында Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі аумағы Қозыбасы мен Шу аймағы болған. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт тайпалары болды. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі деп Моғолстанды айтамыз. Қазақ хандары қырғыз халқымен де өзара тату тұрған.