1. Түбір сөздің ережесін анықтаңыз.
а) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
б) Сөздің бастапқы мағыналық бөлшегі.
в) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
г) Қосымша жалғанған бөлшек.
д) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
2. Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілері бар етістіктің категориясын көрсетіңіз:
а) есімше
б) көсемше
в) етіс
г) тұйық етістік
д) болымсыз етістік
3. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.
а) - лық, -лік.
б) - -гер, -паз.
в) - сыз, -сіз.
г) - ырақ, -ірек.
д) - шы, -ші.
4. «Оқығанды көңiлге ықыласпен тоқылық» – осы сөйлемдегі есімшенің қызметін анықтаңыз.
а) анықтауыш
б) бастауыш
в) толықтауыш
г) пысықтауыш
д) баяндауыш
5. Етістікке тән іс- әрекеттің себебін, белгісін, сын-сипатын көрсетіп
тұратын категория қалай деп аталады:
а) есімше
б) көсемше
в) етіс
г) тұйық етістік
д) болымсыз етістік
6. Шарт мәнді сөйлемнің жасалу конструкциясын табыңыз:
а) түбір етістік + ған+дықтан, -ген+діктен
б) түбір етістік +ғанша, -генше
в) түбір етістік +майынша, мейінше
г) түбір етістік + ған жоқпын
д) түбір етістік + ғалы, - гелі
7. Мезгіл көсемшенің жұрнақтарын көрсетіңіз.
а) - ып, - іп, - п
б) - ғалы, - гелі, - қалы , - келі
в) – а, - е, - й
г) - ғанша, - генше, - қанша, - кенше
д) - майынша, - мейінше
8. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
а) Ниетің.
б) Қисық.
в) Болса.
г)Ағайынға.
д) Өкпелеме.
9. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
а) Күшті, мықты.
б) Әлді, қарулы.
в) Бағалы, құнды.
г)Шелдену, қоңдану.
д) Қайратты, қажырлы.
10. Антонимді табыңыз.
Жоғары – төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.
а) Ұшып тұрса.
б) Үйрек - қаз.
в) Жоғары – төмен.
г) Ұшып тұрса сымпылдап.
д) Үйрек – қаз ұшып.
11. Өтініш білдіру мақсатында қолданылатын сөздер:
а) кездескенше күн жақсы, жақсы демал (-ыңыз);
б) қуанышта кездесейік, қайттық;
в) қош-сау болыңыз, сен келмейінше, мен кетпеймін;
г) айыпқа бұйырма (-ңыз); мені күте тұршы(-ыңызшы);
д) қайталашы (-ыңызшы), түсіндірші (-іңізші)
12. Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
а) Еңбек – өмір ажары.
б) Жақсы ұл – елдің туы.
в) Айна – айна емес, халық- айна.
г) Көпке күл шашпа.
д) Мал сақтама, ар сақта.
13. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.
а) Ұзын арқан.
б) Терең ой.
в) Тар жол.
г) Үлкен үй.
д) Қара шаш.
14. Еш жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысу түрін белгілеңіз.
а) Меңгеру.
б) Матасу.
в) Қиысу.
г) Жанасу.
д) Қабысу.
15. Әжелерді, аналарды, апа-қарындасты құтықтайтын халықаралық мерекені табыңыз.
а) Мұғалімдер күні.
б) Наурыз мерекесі.
в) Халықаралық әйелдер күні.
г) Білім күні.
д) Тәуелсіздік күні.
16. Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
а) Гүлнар үйретті.
б) Ойлап отыр
в) Сіз келдіңіз.
г) Менің қылығым.
д) Жалт-жалт қарау.
17. Жаңашылдық дегеніміз не?
а) Жаңашылдық – қандай дар бір тиімге қол жеткізетін, жан-жануарлар өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық
б) Жаңашылдық – қандай дар бір тиімге қол жеткізбейтін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілмеген жаңалық
в) Жаңашылдық – қандай дар бір тиімге қол жеткізбейтін, жан-жануарлар өмірінің барлық сфераларына енгізілмеген жаңалық
г)дұрыс жауап жоқ
д) Жаңашылдық – қандай дар бір тиімге қол жеткізетін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық
18. Лексикология нені зерттейді?
а) Сөйлем мүшелері
б) Сөздердің дұрыс жазылуы
в) Сөздік қор
г) Сөздердің дұрыс айтылуы
д) Сөйлем түрлерін
19. Шоқан Уәлиханов қайда дүниеге келген?
а) Құсмұрында
б) Жітіқара
в) Лисаковск
г) Рудный
д) Арқалық
20. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз
а) Көпмағыналы сөздер
б) Сөздік қор
в) Сөздердің дұрыс жазылу нормасы
г) Тұрақты тіркес
д) Сөздердің дұрыс айтылу нормасы
21. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 9 мамыр -...
а) Конституция күні
б) Ынтымақ күні
в) Тәуелсіздік күні.
г) Республика күні
д) Жеңіс күні.
22. Шоқан Уәлихановтың еңбегін көрсетіңіз.
а) «Жоңғария сапарының күнделіктері»
б) «Мұсылмандық шарты».
в) «Ыстықкөл сапарының күнделіктері»
г) «Үшанық»
д) «Адасқандар»
23. Қазақ халқының ұлттық тағамы белгілеңіз.
а) Лағман
б) Түшпара
в) Палау.
г) Бесбармақ.
д) Нансалма.
24. Алғашқы қазақ газеті қашан, қайда шықты?
а) 1910 жылы Отырар қаласында
б) 1909 жылы Тараз қаласында
в) 1913 жылы Орынбор қаласында
г) 1818 жылы Целиноград қаласында
д) 1889 жылы Түркістан қаласында
25.«Білегі күшті ….Білімі күшті....» мақалды аяқтаңыз.
а) онды жығады, жүзді жығады
б) бірді жығады, мыңды жығады
в) жүзді жығады, мыңды жығады
г) онды жығады, мыңды жығады
д) дұрыс жауап жоқ
26. Меңгеруді көрсетіңіз.
а) Жолаушылар келді.
б) Мектеп үйі.
в) Үнді шайы.
г) Таулы өлке.
д) Онымен сөйлесті
27. Орыс тілінен енген сөзді белгіле.
а) ана
б) мұғалім
в) керует
г) бауыр
д) мектеп
28. Тіл білімі саласында қолданылатын сөздер?
а) Мұғалім, мектеп
б) Тарих, тарихшы
в) Логика, ойлау
г) Сөз тіркесі, сөйлем
д) Кітап, дәрісхана
29. Қазақстанда ең алғаш қашан интернет интернет провайдері пайда болған және қалай аталады?
а) 1986 жылы «Домен»
б) 1998 жылы «Апорт»
в) 1889 жылы «ARPAnet»
г) 1993 жылы «Әлем»
д) 1996 жылы «Нұрсат»
30. «Әрбір адамы экономиканы білсе, сол мемлекет күшті» деп айтқан кім?
а) Аристотель
б) Сократ
в) Платон
г) Абу Насыр әл-Фараби
д) Архимед
31. «Қуанышы қойнына сыймау» фразеологизмінің орысша мағынасын табыңыз:
а) отлично путешествовать
б) сильно радоваться
в) легко победить
г) поздравлять
д) огорчаться
32. Мақалды аяқтаңыз. Тау мен тасты ... бұзады, адамзатты сөз бұзады.
а) көңіл, күй
б) мұз, тұз
в) су, сөз
г) ой, той
д) шөп, көп
33. Кәсіби сөздердің анықтамасын белгілеңіз.
а) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
б) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
в) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері.
г) Басқа тілден енген сөздер.
д) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
34. Біздің институттың ашылуына өз септігін тигізген белгілі ғалым кім?
а) Н.Құлжанова
б) Қ.Сәтпаев
в) М.Қозыбаев
г) Р. Сыздық
д) Н.Сәрсенбаев
35. Тілдер мерекесі қай айда өтетінін анықтаңыз.
а) Қыркүйек.
б) Маусым.
в) Қараша.
г) Қазан.
д) Мамыр.
36.Мектеп бітіргенде оқушы қандай білім алатынын анықтаңыз.
а) Жоғары білім.
б) Арнайы орта.
в) Кәсіби білім.
г) Орта білім.
д) Бастауыш білім.
37. «Билеушілер» деген мағынаны білдіретін синонимдерді белгілеңіз.
а) Көсем, бедел, ерік.
б) Шаруа, жұмысшы.
в) Малшы, егінші.
г) Бай, кедей
д) Хан, патша.
38. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз.
а) Еңбектің наны тәтті.
б) Не ексең, соны орарсың
в) Ердің атын еңбек шығарады
г) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей.
д) Көз қорқақ , қол батыр.
39. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.
а) Келісімпаз болу.
б) Сөзге тапқырлық
в) Көп тіл білу.
г) Көп сөйлеу.
д) Өзін көрсету.
40. «Қазақ» газетінің бас редакторын анықтаңыз.
а) Мұхамеджан Сералин.
б) Ешмұхамед Абылайханов.
в) Рахымжан Дүйсебаев.
г) Ахмет Байтұрсынов.
д) Міржақып Дулатов.
41. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.
а) Есім.
б) Елпілде.
в) Қалашыл.
г) Бағала.
д) Тақ.
42. Дұрыс жауабын белгілеңіз. Шәкен Айманов - ...
а) сазгер
б) режиссер
в) ойшыл
г) суретші
д) мұғалім
43. Бұл әдіс сабақ мәтінін сатылап түсінуге мүмкіндік береді:
а) ВЕНН диаграммасы
б) Инсерт диаграммасы
в) Ассоциация
г) сатылай-кешенді талдау
д) кластер
44. Екі ережені немесе екі мәтінді салыстыру үшін қолданылатын сабақ әдісі қалай деп аталады:
а) ВЕНН диаграммасы
б) Инсерт диаграммасы
в) Ассоциация
г) сатылай-кешенді талдау
д) кластер
45. «Күшіңе сенбе, біліміңе сен» деген нақыл сөздегі, «сен» қай сөз табына жатады?
a) есімдік
б) етістік
в) үстеу
г) есімше
д) зат есім
46. Шарт мәнді сөйлемді табыңыз:
а) Сен жақсы болсаң, ол неге жаман болсын?
б) Барлығымыз да емтиханды уақытында тапсырғымыз келеді.
в) Ол үшін үйде сабаққа күнделікті дайындаламыз.
г) Дайындығың нәтижелі болу үшін ерінбей оқуға тырыс.
д) Осылайша жетістікке жеткім келеді.
47. Бұйрық райдың үшінші жағында тұрған етістікті белгілеңіз:
а) жөндедім
б) жөнде
в) жөндесін
г) жөндеңдер
д) жөндейін
48. Іс-қимылдың шартын білдіріп, са, се, -майынша, -ма+й, -ған+да жұрнақтары арқылы жасалатын сөйлемдер:
а) қарсылықты мәнді
б) мезгіл мәнді
в) шарт мәнді
г) себеп мәнді
д) мақсат мәнді
49. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
а) Туылу, дүниеге келу.
б) Терең, саяз.
в) Жүрек, сезім.
г) Ортаншы, кіші.
д) Таразы, тартылу.
50. Анықтауыштық қатынасқа тән сөздердің байланысу түрлерін белгілеңіз.
а)матасу , меңгеру
б) қиысу, матасу
в) қиысу, қабысу
г) матасу, жанасу
д) матасу, қабысу
51. «Жас» сөзінің антонимін табыңыз.
а) Жастық шақ
б) Кәрі.
в) Бойшаң.
г) Ұзын.
д) Қысқа
52. «Сонда да, әйтсе де, бірақ, дегенмен, алайда» қай салалас құрмаластың жалғаулықтары?
а) кезектес с.қ.
б) шартты с.қ.
в) қарсылықты с.қ.
г) ыңғайлас с.қ.
д) мезгілдес с.қ.
53. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қай жылы және қай айда жарияланды?
а) 2017 жылы 26-қазанда
б) 2017 жылы 12-сәуірде
в) 2017 жылы 22-наурызда
г) 2018 жылы 12-сәуірде
д) 2018 жылы 19-ақпанда
54. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз:
а) Жөндеу жұмысы аяқталған жоқ, бірақ машина жолға шықты
б) Жөндеу аяқталды – машина жолға шықты.
в) Жөндеу жұмысы аяқталды да, машина жолға шықты
г) Жандос түрегеліп, қолындағы сағатын шешіп, мұғалімнің алдына қойды
д) Жөндеу жұмысы аяқталды, сол себепті машина жолға шықты
55. Мақсат мәнді сөйлемнің жасалу конструкциясын табыңыз:
а) түбір етістік +майынша, мейінше
б) түбір етістік +ғанша, -генше
в) түбір етістік + ған+дықтан, -ген+діктен
г) тұйық етістік «үшін септеулігі
д) түбір етістік + ғалы, - гелі
56. Бұл әдісте берілген материал «білемін, білдім және білгім келеді» деген кестелерге толтырылады. Бұл әдіс студентті берілген материалды нақты түсінуге, талдауға және ақпаратты сауатты әрі қысқаша жазуға үйретеді.
а) ВЕНН диаграммасы
б) Инсерт диаграммасы
в) Ассоциация
г) сатылай-кешенді талдау
д) кластер
57. Бұл - халықаралық дәрежедегі құжат. Оған сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі:
а) жан-жануарлар энциклопедиясы
б) Қызыл кітап
в) Фауна мен флора сөздігі
г) Табиғатты қорғау концепциясы
д) Қазақстанның Қызыл кітабы
58. Тамаша табиғаты мен айна көлдері, әсем тауларына байланысты бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды:
а) Сарыарқа
б) Қаратау
в) Баянауыл
г) Көкшетау
д) Наурызым
59. Бұл негізгі бұқаралық ақпарат құралы туралы айтылған А.Байтұрсыновтың төрт қағидасы:
- халықтың көзі, құлағы, тілі;
- жұртқа қызмет ететін нәрсе;
- халыққа білім таратушы;
- халық жоқтаушысы. Ол қандай БАҚ?
а) радио
б) телевидение
в) газет
г) хат
д) компьютер
60. Бұл – әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға немесе заңи тұлғаларға мүлік, соның ішінде ақшалай қаражат нысанында, сондай-ақ бейкоммерциялық ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатымен тегін әлеуметтік қолдау (көмек) көрсету.
а) қайырымдылық
б) рақымшылық
в) кешірім
г) сақтандыру
д) ұстамдылық
61. Алғашқы қазақ журналы қалай аталды?
а) Парасат
б) Айқап
в) Қазақстан әйелдері
г) Балдырған
д) Ұлан
62. Қазақстанның ежелгі сәулет ескерткіштері – бұл кесенелер - ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген:
а) Арыстан баб және Алаша хан
б) Айша Бибі және Бабаджа хатун
в) Айша Бибі және Қожа Ахмет Яссауи
г) Қожа Ахмет Яссауи және Жошы хан
д) Қарахан кесенесі және Көккесене
63. Бұл (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор:
а) сайт
б) интернет
в) өрмекші торы
г) компьютер
д) домендік жүйе
64. Пысықтауыштық қатынасқа тән сөздердің байланысу түрлерін белгілеңіз.
а) меңгеру, қабысу, жанасу
б) қиысу,қабысу, матасу
в) қиысу, қабысу
г) матасу, қабысу, жанасу
д) матасу, қабысу
65. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын термин пайда болды, Ол-
а) сайт
б) интернет
в) файл
г) компьютер
д) домен
66. Қалау мәнді сөйлемдерді құруда қолданылатын жұрнақтарды табыңыз.
а) - са, -се
б) - ғы, -гі, - қы, - кі
в) - а, -е, -й
г) - шы,-ші
д) - қы, - кі, -айын
67. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.
а) Сатушы
б) Дәрігерге
в) Аспаз
г) Заңгерлер
д) Мұғалім
68. 1957 жылы АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желі кейіннен Интернет терминінің шығуына себеп болды:
а) Usenet желісі
б) Bitnet желісі
в) Network желісі
г) ARPANET желісі
д) NSFNet желісі
69. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) Дәптер.
б) Өшіргіш.
в) Тапсырма.
г) Сызғыш.
д) Құстар.
70. Болжау мәнді сөйлемдерде қолданылатын модаль сөздерді табыңыз:
а) әрине, әлбетте
б) тиіс, қажет
в) сияқты, шығар, мүмкін
г) сірә, қажет
д) бәлкім, әлбетте
71. Бұл халықаралық стипендия 1993 жылы 5 қарашада ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалды, мақсаты – дарынды жастарға шетелде білім алуға мүмкіндік беру.
а) «Президент»
б) «Ректор»
в) «Серпін»
г) «Дарын»
д) «Болашақ»
72. Қалау мәнді сөйлемнің жасалу конструкциясын табыңыз:
а) түбір етістік+мақ, -мек +жікт.жалғ.
б) түбір етістік+дықтан, - діктен
в) тұйық етістік «үшін»
г) түбір етістік+қы, -кі, -ғы, -гі +тәуелд.жалғ. «келеді»
д) түбір етістік+ар, -ер, -р +жікт.жалғ.
73. Су ресурстары тақырыбында айтылған, бірақ тура да, ауыспалы да мағынада қолдануға болатын мақалды табыңыз:
а) Жер – арық, су - семіз
б) Су - баға жетпес байлық
в) Бұлақ көрсең көзін аш
г) Су - тіршілік көзі
д) Сулы жер - нулы жер
74. Мақалды аяқтаңыз: «Мамандықтың бәрі жақсы... ...».
а) таңдай біл
б) талғай біл
в) мақтай біл
г) жаттай біл
д) оқи біл
75. Тілек мәнді сөйлемді табыңыз:
а) - Кәне, жол беріңдер
б) Білімділігіне нақты сенеді
в) Уақытың болса, келсейші
г) Мен анамның аман болғанын тілеймін
д) Менің қалауым – жақсы оқу
76. Етістіктің болжалды келер шақ түрін көрсетіңіз:
а) бармақпын
б) келермін
в) орындап жатырмын
г) үнемдеппін
д) түсінемін
77. Шарт мәнді сөйлемді табыңыз:
а) Екі дос кездессе, айтылар әңгіме көп
б) Досыңа достық – қарыз іс
в) Дос көңілін қайтарма
г) Досымды ренжітпеймін
д) Досыма хат жолдағым келеді
78. Қалау мәнді сөйлемдердің өзіндік ерекшелігі:
а) жіктік жалғау арқылы жасалады
б) жіктік жалғаудың қысқарған түрі арқылы жасалады
в) септік қосымшалары арқылы жасалады
г) тәуелдік жалғау арқылы жасалады
д) түбір күйінде жасалады
79. Өтініш мәнді сөйлемді табыңыз:
а) - Кәне, жол беріңдер
б) Ол білімділігіне нақты сенеді
в) Уақытың болса, келсейші
г) Мен анамның аман болғанын тілеймін
д) Менің қалауым – жақсы оқу
80. Мына сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?
Студенттер билеттерін алып, тез дайындыққа кірісті.
а) мақсат бағыныңқылы
б) мезгіл бағыныңқылы
в) қимыл – сын бағыныңқылы
г) қарсылықты бағыныңқылы
д) талғаулықты бағыныңқылы
81. Бұл рай көмекші етістік арқылы жасалады.
а) қалау
б) ашық
в) бұйрық
г) тұйық
д) шартты
82. Заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз.
а) Алыс
б) Ақылды
в) Үлкен
г) Тәтті
д) Қара
83. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.
а) Әдемі.
б) Әп-әдемі.
в) Өте әдемі.
г) Қып-қызыл.
д) Әдемілеу.
84. Тәуелденіп тұрған есімшелерді көрсетіңіз:
а) бермек, келер
б) берерің, келетінің
в) бергенде, келгенде
г) беретін, келетін
д) бергенмін, келгенмін
85. Күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз.
а) жасыл
б) тым жасыл
в) жасылдау
г) жасылырақ
д) жап-жасыл
86. Жіктелмейтін көсемшенің жұрнағын көрсетіңіз:
а) – ып, - іп, -п
б) - ғалы, - гелі
в) - а, -й, -е
г) – а, ып, -й
д) - ғалы, - ып, - а
87. Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз.
а) Білімді қыз.
б) Ойлы адам.
в) Сен кезекшісің.
г) Сабақ кестесі.
д) Білім алу.
88. Көсемшенің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз:
Сол әсерім бүгінде бұзылмай сақталған.
а) бастауыш
б) баяндауыш
в) толықтауыш
г) анықтауыш
д) пысықтауыш
89. Мына сөйлем салалас құрмаластың қай түріне жатады?
Ең жақсы тіл – ана тілі, сондықтан оны құрметтеу керек.
а) ыңғайлас cалалас
б) қарсылықты салалас
в) себеп - салдар салалас
г) талғаулықты салалас
д) кезектес салалас
90. Қалау райлы етістікті табыңыз.
а) оқыса, жазса, тыңдаса
б) оқығым келеді, жазғым келеді, тыңдағым келеді
в) оқиын, жазайын, тыңдайын
г) оқимын, жазамын, тыңдаймын
д) барғым, ойнасын, барамын
91. ІІ жақта жіктеліп тұрған есімшені көрсетіңіз:
а) Сен істің мәнін білгенсің
б) Турасын айтпасқа амалы қалмады
в) Ол тапсырманы орындап салып отырғанмын
г) Шексіз алғысқа бөленген жан еді
д) Бұл ақылды атам айтқан
92. Шартты райдағы етістікті табыңыз.
а) Отырмас.
б) Әңгімеледі.
в) Барғай.
г) Бармаса.
д) Келіңдерші.
93. Бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі:
а) дискурс
б) сөздік
в) поэтика
с) мәтін
д) аннотация
94. Өтініш мәнді сөйлемді табыңыз:
а) Мен анама жақсылық тілеймін
б) Анама барғым келеді
в) Анашым, маған қоңырау шалыңызшы
г) Анаңнан жақсылығыңды аяма
д) Анашым маған үйге қайтуды тапсырды
95. Мәтіннің бұл түрі белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін сипаттап көрсетеді:
а) сипаттау
б) пайымдау
в) әңгімелеу
г) дәлелдеу
д) сынау
96. Мына сөйлем салалас құрмаластың қай түріне жатады?
Саша сабаққа кешікті, дегенмен оқытушы оны сабаққа кіргізді.
а) ыңғайлас cалалас
б) қарсылықты салалас
в) себеп - салдар салалас
г) кезектес салалас
д) қарсылықты сабақтас
97. Шарт мәнді сөйлемді табыңыз.
а) Мен бүгін сабаққа бардым
б) Менің бүгін сабаққа барғым келеді
в) Мен бүгін сабаққа барайын
г) Мен бүгін сабаққа барсам деймін
д) Ол сабаққа барсын
98. Бұл - ежелгі сәулет ескерткіші Әмір Темірдің бұйрығымен салынған, онда атақты адамдар жерленген, сондықтан да оны «Пантеон» есебінде құрметтейді, ол мұсылман қауымы үшін ең қасиетті жерлердің бірі болып саналады.
а) Арыстан баб кесенесі
б) Айша Бибі кесенесі
в) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
г) Жошы хан кесенесі
д) Қарахан кесенесі
99. Болжау мәнді сөйлемді табыңыз:
а) Мен ертең емтиханға дайындаламын
б) Мен кеше емтиханға дайындалдым
в) Мен ертең емтиханға дайындалмақпын
г) Мен емтиханға ертең дайындалармын
д) Мен емтиханға дайындалмаймын
100. Білік мәнді сөйлемді табыңыз:
а) Мен қазақша жақсы сөйлей аламын
б) Ол таза жазғысы келеді
в) Сабаққа тез барарсың
г) Досым маған жақсылық тілейді
д) Жанна институтқа барады
101. Бұл балалар қайырымдылық қоры 1996 жылы мамыр айында Алматы құрылды, мақсаты - орталық нерв жүйесі зақымдалған, сал ауруларымен ауыратын балаларға көмектесу:
а) «Балбөбек» балалар қайырымдылық қоры
б) «Эльдани» балалар қайырымдылық қоры
в) «Айналайын» балалар қайырымдылық қоры
г) «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры
д) «Айсәуле» балалар қайырымдылық қоры
102. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені көрсетіңіз:
а) Бұл - Еркебұлан сөзі
б) Келгендер – осы ауылдың адамдары
в) «Тұр орныңнан!» - деп әмір етті
г) Орамалың бар ма?
д) Кешікпей Абайлар да аттанды
103. Бұл белгілі ғалымның шын аты Ғабдул-Ғани, оның тегімен Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған минерал аталған:
а) Тынышбаев
б) Сатпаев
в) Уәлиханов
г) Карибаев
д) Есетов
104. Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз: Бәйге озғанға беріледі
а) бастауыш
б) баяндауыш
в) анықтауыш
г) толықтауыш
д) пысықтауыш
105. Қалау мәнді сөйлемді табыңыз:
а) Күн жылы болса, тауға шығамыз
б) Осы сұрақтың жауабын айтыңыз
в) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді
г) Менің дәптерімді алсын
д) Олар үйге ертерек келді
106. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |