1. Түбір сөздің ережесін анықтаңыз.
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
B) Сөздің бастапқы мағыналық бөлшегі.
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
D) Қосымша жалғанған бөлшек.
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
2. Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілері бар етістіктің категориясын көрсетіңіз:
а) есімше
б) көсемше
в) етіс
г) тұйық етістік
д) болымсыз етістік
3. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.
А) - лық, -лік.
B) - -гер, -паз.
С) - сыз, -сіз.
D) - ырақ, -ірек.
E) - шы, -ші.
4. «Оқығанды көңiлге ықыласпен тоқылық» – осы сөйлемдегі есімшенің қызметін анықтаңыз.
а) анықтауыш
б) бастауыш
в) толықтауыш
г) пысықтауыш
д) баяндауыш
5. Етістікке тән іс- әрекеттің себебін, белгісін, сын-сипатын көрсетіп
тұратын категория қалай деп аталады:
а) есімше
б) көсемше
в) етіс
г) тұйық етістік
д) болымсыз етістік
6. Шарт мәнді сөйлемнің жасалу конструкциясын табыңыз:
а) түбір етістік + ған+дықтан, -ген+діктен
б) түбір етістік +ғанша, -генше
в) түбір етістік +майынша, мейінше
г) түбір етістік + ған жоқпын
д) түбір етістік + ғалы, - гелі
7. Мезгіл көсемшенің жұрнақтарын көрсетіңіз.
а) - ып, - іп, - п
б) - ғалы, - гелі, - қалы , - келі
в) – а, - е, - й
г) - ғанша, - генше, - қанша, - кенше
д) - майынша, - мейінше
8. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
а) Ниетің.
б) Қисық.
в) Болса.
г)Ағайынға.
д) Өкпелеме.
9. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
а) Күшті, мықты.
б) Әлді, қарулы.
в) Бағалы, құнды.
г) Оқу, үйрену.
д) Қайратты, қажырлы.
Достарыңызбен бөлісу: |