- Мәртебе -
- қатынас құралы -
- ресми -
- қайнар -
- іс қағаздар -
Мәртебе - статус - Мәртебе - статус
- қатынас құралы - средство
- ресми - официальный
- қайнар - родник
- іс қағаздар - деловые бумаги
Өткенді қайталау. 1. Тұйық етістік дегеніміз не? 2. Тұйық етістік септеледі ме? 3. Тұйық етістік жіктеледі ме? . 1 Нақ осы шақ Отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы Асан кітап оқып отыр. 2 Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы Айдос мектептен келеді. 1 Жедел -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарымен Бекарыс оқушыларға жақсы түсіндірді. 2 Бұрынғы -ып, -іп, -п көсемше, -ған –ген, -қан, -кен есімше жұрнақтарымен Сәкен әнді шырқын бұзбай айтыпты. 3 Ауыспалы -атын, -етін, -йтын, -йтін есімшенің жұрнақтарымен Ол әңгіменің майын тамызып айтатын еді. 1 Мақсатты -мақ, -мек, -пақ, -пек-бақ, -бек жұрнақтарымен Апам ертең қалаға бармақ. 2 Болжалды -ар, -ер, -р есімше тұлғалы жұрнақтармен Мен өскенде дәрігер болармын. 3 Ауыспалы -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы Ағам кешке келеді. «Шартты рай» тобына: «Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар, Айырдан нар болсам, атам жараған болар, Көнеден дәурен озса, жасы жетуден болар, Көнеден қамқа тозса, дәурені кеткен болар». Ер жігіт айтпайды. Айтса, қайтпайды. Оқи берсең көзің ашылады, Отыра берсең, жалқаулық басынады. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Тіл тас жарады, Та жармаса, бас жарады. «Қалау рай» тобына: «Дұғай сәлем бергейсің, Ағам Есет беренге. Бекет қайда дегенге, Бекет кетті дегейсің Шықпайтұғын тереңге». Гүлі сұлу орманды Сусатпағым келеді. Жүзі жылы жандарды Құшақтағым келеді. Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұлын Өзі билеп тұрса игі. «Бұйрық рай» тобына: «Арлы - ожданды бол! Намысыңды жастан сақта! Халқыңды алалама! Жақыныңды жаралама! «Құдай жарылқасын, бай қылсын, Төрт түлігін сай қылсын!» «Малды теппе, Ақты төкпе». «Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа». «Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін». Жанар сыныпта отыр. Атам бақта жүр. Әжем төсекте жатыр. Дәптерді жоғалтпай ұстапты. Сабақ сағат сегізде басталады. Сіз қалаға барыңыз. Сен мектепке кел. Ол тапсырманы орындасын. Шолпан келсе, сабаққа барамыз. Мен Астанаға барғым келеді. Жаңбыр жауса игі еді. Қар жауса екен. Етістіктің райларын ажырат. Ашылды, барсам, кел, жүріп жатыр, күледі, барайық, көрсем, келсе екен, болды, оқып отыр, орындасын, көргім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |