20 минут
|
Бағалау критерийі:білім алушылар
- сөздерді орфоэпиялық нормаға сай дыбыстайды;
- сөздерді орфографиялық ережені сақтап жазады;
- сөздердің сөз табын анықтап, сөйлем құрасырады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсініп, орынды қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану.
Оқылымалды тапсырма
- Жастық шақ деп адам өмірінің қай кезеңін атаймыз?
- Зайырлы қоғамдағы жастардың рөлі қандай?
ЖЖ
Бағалау критерийі:білім алушылар
- прозалық және поэзиялық шығармаларды оқи отырып, мазмұнын түсінеді;
- прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойын, көтерілген мәселені түсініп, анықтай алады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну, талдау.
1-саралау. Тапсырмаға сәйкес «қолдау бойынша саралау» түрін алдым. Тапсырма біреу, жұпта жұмыс істеу барысында білім алушыларға мұғалім тарапынан түрлі қолдау көрсетіледі.
2-тапсырма. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият»құндылығын осы сабақта жүзеге асыруда Қасым Аманжоловтың «Жас дәурен» өлеңін жұпта оқып, мазмұнын түсіну арқылы білім алушылардың санасындағы қоғам мен руханияттың бейнесін қалыптастыру. Поэзиялық шығармадағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтау. «Ойлан – Жұптас - Бөліс» әдісі арқылы білім алушы поэзиялық шығарманы оқып, мағынасын түсінеді. Жұбыменпоэзиялық шығармадағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, талқылайды. Өздерінің шешімдерімен басқа жұптармен бөліседі. Тапсырманы орындауда төменде көрсетілген кестені тотырады. Бұл әдісті таңдағандағы мақсатым білім алушылардың жұпта поэзиялық шығарманы талдай отырып, түсінгенін анықтау.
Аты-жөні
|
ойлан
|
жұптас
|
бөліс
|
|
|
|
|
|
|
Жас дәурен
Жас дәурен-гүл жазира, қайран жазым,
Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын.
Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра,
Жігіттің тебірентсің өнерпазын.
Жасдәурен,
Ризамын мен саған.
Жан сәулем,
Келшісәулем, аңсаған.
Жасдәурен – жігеротыжанғанжалын,
Көрмесемқызығыңдыармандадын.
Өміршеекікелеруақытымжоқ,
Сондықтанүлесімді мол қармадым.
Жасдәурен, қызығыңа тоя алмаспын,
Ән мен күй, өленсеніқойалмаспын.
Тірліктетербелейін, тебіренейін,
Біркүнікетсемұйықтап, оянбаспын.
Жасдәурен,
Нажағайлы алтын жаз.
Жан сәулем,
Қосылкүйге, айтшы наз.
Дескриптор:
- прозалық және поэзиялық шығармаларды оқи отырып, мазмұнын түсінді;
- прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойын, көтерілген мәселені түсініп, анықтай алды.
Оқылымсоңы тапсырма
-Қасым Аманжолов «Жас дәурен»өлеңінде жастық шақты қалай суреттейді?
Бағалау критерийі: білім алушылар
- поэзиялық шығарманың оқырманға әсерін бағалай алады;
- өзінің шығармадан алған әсерімен бөліседі.
Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну, қолдану.
2-саралау. Бұл тапсырмада «нәтиже бойынша саралау» түрін таңдадым. Нәтиже бойынша саралау барысында тапсырма біреу, алай білім алушылардан әртүрлі нәтиже күтіледі.
3-тапсырма. Қасым Аманжоловтың «Жас дәурен» өлеңін мәнерлеп оқыту арқылы оқырмандарға әсер етеді, білім алушылар шығармадан алған әсерлерін сыныптастарымен бөліседі. «Қар кесегі» әдісі арқылы білім алушылар шығарманың оқырмандарға әсерін және өзінің алған әсерін жазған қағазды қар кесегі секілді бүктеп, сыныпта бір-біріне лақтырады. Білім алушылар өздері алған қағазда жазылған әсерлерді оқып, өзінің әсерімен бөліседі. Бұл әдісті таңдаған себебім оқушылар шығармадан алған әсерлерін еркін жаза алады және өз ойын ашық жеткізуге мүмкіндік береді.
Дескриптор:
- поэзиялық шығарманың оқырманға әсерін бағалай алды;
- өзінің шығармадан алған әсерімен бөлісті.
Қалыптастырушы бағалау. «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы бағалау критерийлеріне сәйкес 2 сұрақ жазылған конвертті білім алушыларға таратамын. Әр білім алушы сұрақты оқып стикерге өзінің жауабын жазып, конвертке салады да, келесі білім алушыға конвертті береді. Соңында конверттің ішіндегі жауаптарды білім алушының атын атамай оқып, сыныпта дұрыс, бұрыс екенін талқыланады.
Кері байланыс. «Мадақтау» әдісі арқылы мұғалім білім алушылардың шығарманың оқырманға әсерін, өзі алған әсерімен бөлісуіне қарай «Жарайсың», «Еңбектенгенің көрініп тұр», «Жалқауланба», «Сен бұдан да жақсы істей аласың» деген сөздермен кері байланыс береді.
|
Оқыту мен оқудың белсенді әдістер
Әдіс-әсілдер қоймасы
http://qasym.kz/qasym_
amanjolov_zhas-dauren/
Үлестірме материал 14.2
Қ.Аманжоловтың «Жас дәурен» өлеңі интербелсенді тақтада көрсетіліп тұрады
Үлестірме материал 6.4
Үлестірме материал 14.2
Оқыту мен оқудың белсенді әдістері
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсында жаңартылған бағдарламаға сәйкес нормативтік құжаттармен таныстым. Спираль тәрізді білім беру жүйесі негізінде жасалған оқу мақсаттары арқылы сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін дұрыс жасауды үйрендім. Оқушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, мақсатқа жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білуді меңгердім. Тапсырма жасау барысында әрбір білім алушы мақсатқа жету үшін саралаудың түрлерін орынды қолдануды үйрендім. Бағалау критерийлеріне сәйкес қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүргізуге дағдыландым. Дер кезінде дұрыс кері байланыс жасаудың тиімділігін түсіндім.
|