Қазақ тілін оқыту әдістемесінен глоссарий әлеуметтік білім алушы



бет1/12
Дата11.05.2022
өлшемі24,39 Kb.
#142278
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
қтәә глоссарий


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН ГЛОССАРИЙ



  1. Әлеуметтік білім алушы субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету барысында өз еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Associates мамандары әлеуметтік оқыту технологиясының жеті бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байланыс (connection), бірлескен жұмыс (collaboration), контент (content), [контентті] пайдалану ыңғайлылығы (consumption), бақылау (control) және тұтынушылар контентін құру мүмкіндігі (contribution).

  2. Белсенді оқу шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады.

  3. Бірлескен оқу. Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болуы үшін, ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет