1. Технологиялық бөлім Газды абсорбциялық тазалау



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі150,44 Kb.
#81677
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Абсорбция 1


1.Технологиялық бөлім
Газды абсорбциялық тазалау

Газдың сапасына қойылатын талаптар. Әр түрлі мұнай-газ өндіру аудандарында өндірілетін мұнай газы әртүрлі құрамға ие, және де көмірсутектерден басқа, құрамында ылғал тамшысы, күкіртсутек, көмірқышқыл газы, азот және басқа да газдар болуы мүмкін.
Газда ылғалдың, күкіртсутектің және көмірқышқыл газының болуы жабдықтар мен коммуникациялар жағдайына кері әсерін тигізеді және газды тасымалдау кезінде де айтарлықтай қиыншылықтар тудырады. Ылғал тамшылары белгілі бір жағдайда көмірсутектермен бірігіп гидраттар түзеді, олар газ құбырларының өткізу қабілетін төмендетіп немесе толық тығындап тастайды. Конденсацияланатын көмірсутектер сұйық тығындарын түзуі мүмкін, олар да құбырлардың өткізу қабілетін азайтады. Күкіртсутек пен көміртегінің қос тотығы жабдықтың, құбыр мен арматураның тез тоттануына жағдай жасайды.
Осыған байланысты магистралды газ құбырларына және тұтынушыға берілетін газ сапасына белгілі-бір талаптар қойылады, оларды орындау барысында газдың қалыпты тасымалдануы және санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шаралары сақтала отырып тұтынушылармен қолданылуы қамтамасыз етіледі.
Магистралды газ құбырына газ сапасы МЕСТ-51.40-93 пен регламенттеледі.
Бұл жағдайда газды күкіртсутектен және механикалық қоспалардан тазалауға ерекше талаптар қойылады, олар нөлге келтірілуі керек.
Сонымен қатар, ауадағы газдың, оның ауадағы құрамы 1% мөлшерінде болған кездің өзінде де иісі білінуі керек. Таза газдың иісі болмайтындығына байланысты, газ ағынына арнайы заттар – одоранттар бүркіліп беріледі және газ күшті спецификалық иіске ие болып, осы арқылы газдың шығып тұрған жерін анықтайды.
Одорант ретінде көбіне-көп этилмеркаптандарды – күкірттің органикалық қосылысынан тұратын түссіз органикалық сұйықтықты қолданады. Этилмеркаптандардың ұсынылатын шығын нормасы 1000м3-ке 16г-нан келеді. Газ құбырына одорантты енгізу үшін арнайы автоматтандырылған құрылғы – одоризаторларды қолданады, олар газ шығынына байланысты жұмыс істейді. Одоризацияланған газ құбырлар бойымен жүріп өтіп тұтынушыға жеткенге дейінгі едәуір қашықтықта өзінің бастапқы одоризация дәрежесін сақтау қасиетіне ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет