1. Технологиялық бөлім Газды абсорбциялық тазалау


Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі150,44 Kb.
#81677
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Абсорбция 1

Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
Газды кептіру негізінен газ құбырларында ылғалды сұйықтың конденсациясы жүрмейтіндей дәрежеге дейін газдың құрамындағы су буын азайту мақсатында жүргізіледі.
Газды кептіру үшін сұйық сорбенттер-гликолдер қолданылады олар: ылғалды жұтуға (сіңіруге) қабілетті диэтиленгликоль (ДЭГ) және триэтиленгликоль (ТЭГ).
Гликолдар тұтқыр, мөлдір сироп тәріздес сұйықтық түрінде болады, ДЭГ тығыздығы – 1118,4 кг/м3, ал ТЭГ тығыздығы – 1125,4 кг/м3. Гликолдар сумен кез-келген қатынаста араласады және газ ағыстарынан су буларын жұтып алады.
Сұйық сорбенттердің артықшылықтары:

  • суда жақсы ериді;

  • жеңіл регенерацияланады (қалпына келеді);

  • аз, елеусіз шығындар;

  • көмірсутекті конденсатпен көбіктер мен эмульсиялар мүлдем түзілмейді;

  • тығыздықтарының айтарлықтай айырмашылығының нәтижесінде тұндырғыштарда жеңіл бөлінеді;

  • процестің үздіксіздігі, басқарудың қарапайымдылығы;

  • қондырғыдағы қысым түсуінің, яғни қысым өзгерісінің елеусіздігі.

Сорбенттердің негізгі кемшіліктері олардың салыстырмалы бағасының жоғары болуы болып табылады.

Сурет 1 – Табиғи және мұнайгазын сұйық сорбенттермен кептірудің қарапайым сұлбасы
1 – айырғыш; 2 – абсорбер; 3 – жиналған гликолды құю желісі; 4 – жалюзді тамшы ұстағыш; 5 – деңгей реттегіші; 6 – жылуалмастырғыш; 7 – желдеткіш; 8 – сүзгі; 9 – десорбер; 10 – сақина; 11 – қайнатқыш (буландырғыш); 12, 16 – мұздатқыш; 13 – жиналған гликолге арналған айырғыш; 14 – сорап; 15 – эжектор. I – шикі газ желісі; II – құрғақ газ желісі; III – отындық газ желісі; IV – салқын су желісі; V – түтінді шығару бағыты.

Газды кептіру келесі түрде жұмыс істейді: кептіруге келіп түсетін газ (I) – бастапқыда айырғыштан – 1 өтеді, одан кейін абсорбердің төменгі тарелкасының астына бағытталады.


Концентрацияланған гликолдің ерітіндісі сораппен – 14 жоғарыдан беріледі және тарелкалар бойымен төмен түседі, газбен кездескен кезде қаныға отырып абсорбердің төменгі бөлігінде жиналады. Кептірілген газ жалюзді кассета 4 арқылы магистралды газқұбырына – (II)барып түседі. Сумен қаныққан гликоль жылуалмастырғыш – 6 арқылы желдеткішке – 7, сүзгіге – 8, содан кейін десорберге (буландыру тізбегіне) – 9 барып түседі. Буландыру тізбегіндегі қайнатқышта – 11 гликоль 160-165°С дейінгі температурада қыздырылады, нәтижесінде су буланады және гликоль буының аздаған мөлшерімен мұздатқыш – 12 арқылы өтеді және айырғышқа – 13 барып түседі. Буландырғыш тізбектің жоғарғы бөлігіндегі температура 105°С аралығында ұсталып тұрады. Регенерацияланған гликоль ерітіндісі сораппен – 14 алынып және жылуалмастырғыш – 6 пен мұздатқыш – 16 арқылы (30°С шамасындағы температурамен) абсорбердің жоғарғы тарелкасына кайтадан барып түседі. Цикл қайталанады.
Іс жүзінде белгілі болғандай, газды жақсы кептіру үшін 1 кг абсорберленген суға 25л-ден кем болмайтын гликоль циркуляциялануы тиіс, сонымен қатар, абсорбердегі тарелкалардың саны да көп болуы керек (10 дана).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет