Газды дайындау қондырғысы Газды, сапаға қойылатын талаптарға сәйкес дайындау үшін оны дайындау қондырғысында ылғал тамшысынан, көмірсутекті конденсаттан, күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан бөлу және кептіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Газды судан кептіру және көмірсутекті конденсаттан бөлу үшін келесі әдістер қолданылады:
дроссель-эффект немесе жасанды салқындату есебінен төменгі температурады айыру;
сұйық сіңіргіштер (абсорбция) және қатты жұтқыштар (адсорбция) қолданылатын сорбциялық әдіс.
Газды дайындау қондырғыларында күрделі және қымбат жабдықтар, аппараттар және аспаптар қолданылады: тамшы қаққыштар, айырғыштар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, булағыштар, сораптар компрессорлар, абсорберлер, адсорберлер, детандерлер, қысым, температура, сұйық деңгейін реттегіштер және т.б.
Газ дайындаудың барлық қондырғыларында конструкциясы әр түрлі газ айырғыштары қолданылады.