1. Тәжірбе базасымен, шаруашылық қызметімен, бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен танысу



бет4/6
Дата25.01.2022
өлшемі50,25 Kb.
#114381
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
PRAKTIKA OTChET (1) (копия)

4. Қорларды есепке алу

Қорларды есепке алу және қаржылық есептілікте көрсету тәртібі ҚЕХС-тың (ХҚЕС) 13 «Қорлар», ХҚЕС (IAS) 2 «Босалқылар (Қорлар)» бөлімдерінде, Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында (ҚР қаржы министрінің 31.03.2015 ж. № 241 бұйрығымен бекітілген) сипатталған, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің (ҚР қаржы министрінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген) 8-ші «Қорларды есепке алу тәртібі» бөлімімен регламенттеледі.

Қорлар (босалқылар) – бұлар:

–   қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;

–   осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегі;

–   өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулер кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Мемлекеттік мекемеде қорларды есепке алу тәртібі

Қорлар құрылыс материалдарын, оқу, ғылыми зерттеулер және басқа мақсаттар үшін материалдарды, дәрі-дәрмектер мен байлау құралдарын, тамақ өнімдерін, отын және жағу, шаруашылық материалдары мен кеңсе құралдарын, арнайы киім-кешекті және басқа жеке пайдаланудағы құралдарды, қосалқы бөлшектерді, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді, тауарларды, жолдағы қорларды қамтиды.

Қорларды есепке алу материалдардың атауы мен жауапты тұлғалар бойынша сандық және сома түрінде жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеме:



  • құрылысқа байланысты шарттардың орындалу процесінде туындайтын аяқталмаған жұмыстарды, оның ішінде қызметтерді көрсетуге олармен тікелей байланысты шарттарды;

  • қаржы құралдарын;

  • ауылшаруашылық қызметпен байланысты биологиялық активтер мен егін жинау кезеңіндегі ауылшаруашылық өнімді;

  • өтеусіз көрсетілетін қызметтер бойынша немесе алушылардан тікелей нақтылы есесін қайтару бойынша аяқталмаған жұмыстарды қоспағанда қорларды есепке алу кезінде осы бөлімнің ережелерін қолданады.

Қорларды есепке алудың негізгі міндеттері барлық материалдық құндылықтардың дұрыс қолданылуы мен қозғалысын бақылау және сақталуын қамтамасыз ету; қорлар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен сатуға жататын, қолданылмайтын материалдарды уақытылы анықтау; мемлекеттік мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мәліметтерді алу болып табылады.

Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтардың түсімі мен жұмсалуына бақылауды жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбаларымен салыстырады.


Мемлекеттік мекеменің қорларын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

      1310 "Материалдар";

      1320 "Аяқталмаған өндіріс";

      1330 "Дайын өнім";

      1340 "Тауарлар";

      1350 "Жолдағы қорлар";

      1360 "Қорлардың құнсыздануына арналған резерв".

Қорлар мемлекеттік мекеменің шотында тек осы қорларға байланысты тәуекелдер мен активтерді иеленуден пайдалар осы мекемеге ауысқанда ғана көрсетіледі. Қорларға байланысты пайдалар мен тәуекелдердің ауысу сәтін анықтау қорларды есепке алу кезінде негізін қалайтын сәттердің бірі болып табылады. Бұл сәт оның шарттарын сөз ететін жеткізу шартымен анықталады.

Мемлекеттік мекеме:


  • басқа мемлекеттік мекемеден алынған - тапсыратын қорлардың баланстық құнын;

  • қайтарусыз негізде үшінші тараптан алынған, - қорлардың әділ бағасын қорлардың өзіндік құны деп таниды.

Есепті жылдың аяғында жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісілген, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде есепте егер өтелетін құн қордың баланстық құнынан төмен болса бар қорлардың құнсыздану фактісі тіркеледі. Түгендеу актісінде құнсыздану себептері көрсетілуі тиіс. Егер бұл қорлар зақымдалса, толық немесе жартылай ескірсе қорлардың өзіндік құнының орны өтелмеуі мүмкін.

Қорларды есептен шығару 7060 "Қорлар бойынша шығыстар", 7460 "Өзге шығыстар", 8011 "Материалдар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеменің қажеттіліктері үшін пайдаланылған және сырт ұйымдарға өткізілген қорлар құнын есептен шығару шығыс ретінде танылады, бұл ретте 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" шоты дебеттеледі және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі.

Қорлардың салыстыру ведомостері әр материалды жауапты тұлғалар және шоттар бойынша жасалынады.



Мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет