Тақырыбы: Оқу үрдісіне қажетті құралдар жасау. «Көргіш» құралы
ACTIVstudio бағдарламасын іске қосыңыз.
1. Ашылған жаңа флипчарт бетіне «Флипчарт құралдар тақтасынан» «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу арқылы кітапхана қорынан « Мектеп» бөлімінен екі сурет таңдап орналастырыңыз. Айталық, сөмке және кітап .
2. Сөмке суретіне екі рет шерту арқылы ашылған «Нысанды іздеу» терезесіннен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз.
3. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен, Көрініс-Тегістік - Жоғары командасын таңдаңыз.
4. Кітап суретіне де осындай әрекеттер орындау арқылы Көрініс -Тегістік - Төмен командасын таңдаңыз.
5. Кітаптың суретін астына сөмкенің суретін үстіне орналастырып, бірінің үстіне бірі орналасқан суреттерді ерекшелеу құралымен суретті тұтас алатындай етіп, бір шетінен бастап ерекшелеңіз де, ерекшеленген аймаққа екі рет шерту арқылы «нысанды іздеу» терезесінен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз.
6. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен Теңестірілген - Топталған бөлігі тұсына белгі қойыңыз. Енді сөмке суретін флипчарт бетінде жылжытсаңыз, астында орналқан кітаппен бірге қозғалады.
7. Негізгі саймандар панелінен Маркер батырмасын басып, өзіңізге ұнаған Маркер түсі мен өлшемін таңдаңыз. Флипчарт бетіне Маркермен бояу арқылы дөңгелек салыңыз. Айталық қызыл дөңгелек:
8. Негізгі саймандар панеліндегі өшіргіш құралы арқылы боялған дөңгелектің ішін дөңгелетіп өшіреміз.
8. Негізгі саймандар панеліндегі қалам құралына тышқан батырмасының оң жағын басу арқылы терезесінен шеңбер фигурасын және оның түсін, өлшемін таңдап (жасалынатын лупаның түсі),
қаламды дөңгелектің өшірілген аумағының дәл ортасынан бастап, жібермей өлшемі өшірілген аумақпен бірдей болғанға дейін тартыңыз. Өшірілген аумақтың ішінен тағы шеңбер пайда болады, бұл лупа құралының дөңгелек басы болып табылады.
9. Осындай жұмыстардан кейін «Негізгі саймандар панелінен» ерекшелеу құралы арқылы маркермен боялған дөңгелекті флипчарт қоржынына салып, жойыңыз.
.
10. Келесі кезекте терезесінен тік сызықты таңдап, : «көргіш» құралының дөңгелек басына жалғастырып , : «көргіш»
құралының сабы жасалады.
11. Жасалынған лупа құралын ерекшелеу құралымен суретті тұтас алатындай етіп, бір шетінен бастап ерекшелеңіз де, ерекшеленген аймаққа екі рет шерту арқылы «нысанды іздеу» терезесінен «сипаттамалар» (свойства) батырмасын таңдаңыз. Ашылған «сипаттамалар мен әрекеттер» сұқпат терезесінен Теңестірілген - Топталған бөлігі тұсына белгі қойыңыз.
12. Ерекшелеу құралымен «көргіш» құралының сабынан ұстап сөмкенің суретіне апарсаңыз, оның ішінде жатқан кітапты көруге болады.
Сіз осылайша «көргіш» құралын жасап, оның суреттің арғы жағында орналасқан суретті көруге болатындай қасиет бердіңіз.
Бұл «көргіш» құралын мұғалім өзінің шығармашылық жұмысына қарай пайдалнуға болады. Мысалы, жұмбақ жасырып, сұрақ қойып, жауаптарын осы құрал арқылы тексеруге болады. Жарыста жеңіске жеткен топтың алатын сыйлығын жасырып қойып, оны осы құрал арқылы көрсетугеболады.
Тапсырма:
Көргіш құралы арқылы берілген есептің жауабын тексеріңіз.
Көргіш құралы арқылы үйдің ішіндегі адамды қараңыз.
Көргіш құралы арқылы бірнеше қарбыздың іші қызарған ба, әлде әлі жеуге жарамсыз ба тексеріп көріңіз.
Көргіш құралы арқылы Аяз атаның қоржыныңдағы сыйлықты қарап алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |