1. Термодинамика және статистикалық физика макроскопиялық жүйелерде болатын физикалық процестерді зерттейді. Макроскопиялық жүйе



бет18/24
Дата24.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#177589
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
1. Òåðìîäèíàìèêà æ?íå ñòàòèñòèêàëû? ôèçèêà ìàêðîñêîïèÿëû? æ?éåëå

Бақылау сұрақтары:

  1. Динамикалық тепе-теңдік дегеніміз не?

  2. Концентрацияның тепе-теңдікке әсері

  3. Температураның тепе-теңдікке әсері

  4. Ле-Шателье принципі

Дәріс№ 13


Тақырыбы: Гольваникалық элементтер.
Гальваникалық элементтер екі электродтан немесе екі жарты элементтен тұрады. Олардың әрқайсысында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүреді. Бұл реакцияларды тотығу-тотықсыздану процестері деп те айтады. Әдетте, бұл процестердің әуелі тотыққан түрін, сосын тотықсызданған түрін жазады. Потенциал айырмасы:
; (119)
мұндағы — потенциал айырмасы; —химиялық потенциал, ал логарифм таңбасының астында тотыққан активтіліктің тотықсызданған түріне қатынасы тұр.
Электродты процеске қатысатын заттың химиялық табиғатына орай электродтар бірінші және екінші текті болып бөлінеді.
Бірінші текті электродтар. Ондағы металл тотықсызданған түрге жатса, ал осы металдың ионы тотыққан болып есептеледі. Бұған мысал ретінде мыс пен мырыш электродтарын алуға болады. Бұл электродтардағы потенциал айырымы катиондардың активтілігінен функционалды тәуелділікте болғандықтан, оны катион арқылы қайтымдылықта болатын электродтар дейді. Оның потенциал айырымы:

Сол сияқты амальгамды электродтар да осы топқа жатады. Амальгама дегеніміз сынаптың басқа металмен қоспасы немесе өзге металдың сынаптағы ерітіндісі. Бұған кадмий металының сынаппен қосылып құраған амальгамасы мысал болады. Ондағы сынапта кадмии металы еріген ерітінді — амальгама тотықсызданған түрге жатады. Мұндайда Вестон элементі дейді және онда Cd2++2e Cd реакция жүреді. Амальгамадағы кадмийдің активтілігі амальгаманың концентрациясына тәуелді:


Е = Е0 -
Екінші текті электродтар. Бұл электродтар сырты өзінің ерімейтін тұзымен қапталып, анионның жақсы еритін тұзының ерітіндісіне батырылған металдан тұрады. Мысалы, күміс сымын суда ерімейтін күміс хлоридімен қаптап, сосын оны суда жақсы еритін хлорлы калий не тұз қышқыльшың ерітіндісіне батырса, екінші текті электродтар қатарына жататын, хлоркүміс электроды деп аталатын электрод шығады. Оның электродты реакциясы AgCl (к)+e- Ag+ + Cl- түрінде жазылады. Ал потенциал айырымы: Е=Е°- . Келесі екінші текті электродтың жиі кездесетін түрі — каломельді электрод. Ол Hg2Cl2 каломельден, сынаптан және белгілі концентрациядағы хлорлы калий тұзынан тұрады, басқаша айтқанда, каломельмен сынапты қосып, оны мұқият араластыра келіп алынған пастаны белгілі концентрациядағы хлорлы калий ерітіндісіне салады. Сонда Hg2Cl2(K) +2е 2Hgс)+2СІ- электродты процесі жүреді. Ал оның электродты потенциалы хлоркүмістікі сияқты анықталады.
Газды электродтар манызды топ құрайды. Олар электродты процеске тікелей өзі қатыспайтын, бірақ газды өзіне адсорбциялайтын қабілеті бар металдан тұрады. Ондағы электродты процестерге адсорбцияланған газ және оған сәйкес ерітіндідегі иондар қатысады. Олардың арасындағы аса маңыздыларының бірі — сутек электроды. Мұндай электрод алу үшін негізінен жұқа борпылдақ платина қабатымен қапталған, платина сымын не пластинасын күкірт қышқылына батырады. Электродтағы қышқыл арқылы сутек газын жібергенде, электродтың сыртындағы платннанын жұқа борпылдақ қабаты сутекке қанығып, газды өз бойына адсорбциялайды. Электродта адсорбцияланған сутек молекулаларының біраз мөлшері жеке атомдарға ыдырап, ионданады: Н2(адс) 2Н 2Н++2е. Бұл процестегі электродтық потенцяалдың айырымы сутек ионының активтілігі мен сутек қысымына тәуелді. Сутек электроды катиоамен салыстырғанда қайтымды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет