Бас диагональ элементтері белгісі: I = j



Дата08.02.2022
өлшемі12,84 Kb.
#120866
Байланысты:
14 билет


14 – билет
Екі өлшемді жиымды – матрицаны пайдалану үшін тік жақшалар ішінде олардың екі өлшемінің де енін көрсету керек. Мысалы: int a[4][3]; алғашқы сан жолдар санын, ал екінші сан бағаналар санын көрсетеді, а жиымы 12 элементтен тұрады. Оларға бастапқы мəнді былай береміз: int a[4][3]={ {0,1,2}, {3,4,5}, {6,7,8}, {9,10,11} }; ішкі жүйелі жақшаларды қоймаса да болады: int a[4][3] = {0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11}; Келесі түрде сипаттау жолдардың тек бірінші элементтерін ғана анықтайды, қалған элементтер 0-ге тең болып саналады: int a[4][3]={ {0},{3},{6},{9} }; Егер ішкі жүйелі жақшалар алынып тасталса, онда мағынасы өзгереді. int a[4][3]={ 0,3,6,9 }; мұнда бірінші жолдың 3 элементі мен екінші жолдың бірінші элементі анықталады да, қалғандары 0 болып саналады. Екі өлшемді жиымды инициалдау қабаттасқан циклдер арқылы орындалады.
Бас диагональ элементтері белгісі: i = j
Бас диагональдан жоғары тұрған элементтері белгісі: i < j
Бас диагональдан төмен тұрған элементтері белгісі: i > j
Қосалқы диагональ элементтері белгісі: i+j = n-1
Қосалқы диагональдан жоғары элементтер белгісі: i+j < n-1
Қосалқы диагональдан төмен элементтер белгісі: j+j > n-1
Матрицаларды өңдейтін негізгі алгоритмдер ретінде бір өлшемді жиымдарды өңдеу кезінде қолданылған алгоритмдер саналады. Жалпы матрицаларды өңдейтін барлық алгоритмдерді екі топқа бөліп қарастыруға болады, олар: 1. матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдер. 2. матрицаның əр жолы немесе əр бағанасы элементтерін жеке-жеке өңдейтін алгоритмдер. Екі өлшемді жиым бір өлшемді жиымдардан құрастырылған жиым ретінде қарастырылуы мүмкін. Яғни берілген екі өлшемді жиым үш жолдан тұрады, ал əрбір жол екі элементтен тұратын жиым болып табылады. Бірінші жол аты – a[0], екінші жол аты – a[1], үшінші жол аты – a[2]. Жиымның аты берілген жиымның нұсқауышы болып табылады, яғни ол жиымның 1-элементіне сілтейді. Екі өлшемді жиымның осы қасиеті бір өлшемді жиымға арналған функцияны екі өлшемді жиыммен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет