1. Термодинамика және статистикалық физика макроскопиялық жүйелерде болатын физикалық процестерді зерттейді. Макроскопиялық жүйе



бет28/37
Дата05.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#130774
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
doc1548272458

Шыны электрод. 1906 жылы М. Кремер арасы өте жұқа шыны арқылы бөлінген, бірақ сутек иондарының концентрациясы өзара тең емес ерітінділер арасында потенциал айырмасының пайда болатынын байқады. Бертін келе бұл құбылысты Ф. Габор және З. Клименцевыч тиянақты зерттеді. Олардың тәжірибелерінде қалыңдығы миллиметрдің жүзден, мыңнан бір бөлігіндей болатын кішкене шыны шарик ішіне белгілі концентрациядағы қышқыл құйып, оны өлшенетін ерітіндіге батырады. Сонан сон екі ерітінді де каломель электродымен жалғастырылады. Осылай құрастырған тізбектің потенциал айырымы аралары өте жұқа шынымен бөлінген екі ерітіндінің рН айырмасына пропорцнонал болады. Мұндай потенциал айырымының рН өзгешелігіне тәуелділік сипаты екі сутек электродынан жинақталған гальваникалық элементтерде де сақталады. Бұл байқаулардан шынының беткі қабаттары потенциал шамасы ерітіндінің рН-ына тәуелді болатыны к өрінеді.
Шыны электродтың өте қарапайым жүйесі 31-суретте көрсетілген. Әдетте ол бір ұшы шар сиякты шыны түтіктен жасалады. Ондағы аса бір нәзік, дәлдікті қажет ететін жай шыны шар қабырғасының жұқалығы. Бұл шыны шардың ішіне белгілі концентрациядағы, айталық 0,1 молярлы тұз қышқылы құйылып, оған хлор-күміс электроды, яғни сырты суда ерімейтін күміс хлоридімен қапталған күміс сымы батырылады. Шыны электродпен жұмыс істеп, ерітінділердің рН өлшер алдында оны ұзақ уақыт таза суда ұстайды. Сонда шынының беткі қабатындағы натрий силикаттары гидролизденеді екен:
Na2SiО3 H2SiО3 Н+ + HSiО3-
Мұнда әуелі натрий силикаты кремний қышқылына айналады, сонан сод ол әрі әлсіз, әрі тұрақсыз қышқыл болғандықтан өте тез гидролизденеді. Осы қатарласа жүретін процесте бөлінген сутек иондары ерітіндіге ауысып, шыны бетінде қос электр қабатын құрайды.
Кеуек мембрана міндетін атқарып тұрған өте жұқа шынының ішкі қабатында пайда болатын потенциал айырымы тұрақты және оның сыртқы бетіндегі сутек иондарының активтілігіне байланысты. Осы тұста мембрана орнына жүретін шыны қабырғаның, ток өткізетінін, яғни шыныдағы катиондар электр зарядтарын тасымалдайтынын ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет