Дәріс №9 Тақырыбы: Кинетиканың негізгі түсініктері. Реакциялардың кинетикалық жіктелуі.
Химиялық кинетика деп химиялық реакциялардың механизмдері жайлы ілімді айтады.
Химиялық реакцияларды кинетикасын зерттеудің практикалық маңызы өте зор. әрбір реакцияны қажетті жылдамдықпен жүргізе алатын болсақ, онда оның тиімділігі мол болады.
Формальдық кинетикада реакция жылдамдығынан әрекеттесетін заттардың концентрациясына тәуелділігі қарастырылады. Ол, аса маңызды деп есептелетін химиялық кинетика заңына системадағы химиялық реакцияның тәуелсіздік жағдайда жүретін шарты мен реагенттердің материалдық балланс теңдеуіне және көптеген жағдайларға негіделеді.
Хмимялық реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін көрсететін шама (өлшем) негізінен химиялық кинетика посьулаты арқылы айқындалады: тұрақты температурадағы гомогенді реакциялардың жылдадығы әрекеттесетін заттар концентрацияларының көбейтіндісіне пропорционалды. Химиялық реакция теңдеуіндегі әрбір зат алдында тұрған коэффицент сол зат концентрациясының дәреже көрсеткішін көрсетеді. Бұл ережені Н.Н. Бекетов (1865), сосын К. Гульберг пен Вааге (1867) тұжырымдаған. Сондай-ақ оны тепе-теңдік констатасындағыдай массалық әсер заңы деп те атайдыү.Оны аА+bB+…өнім сияқты берілген химиялық реакцияға қолдансақ, онда негізгі постулат бойынша: