1. Термодинамика және статистикалық физика макроскопиялық жүйелерде болатын физикалық процестерді зерттейді. Макроскопиялық жүйе



бет24/37
Дата05.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#130774
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
doc1548272458

Электронды-химиялық теория. Бұл жаңа теория. Ол катализ механизмін катализаторлардың кристалындағы ішкі электрондық деңгей тұрғысынан және беткі қабат көзқарасымеа жалғастыра түсіндіруге негізделген, Металдардағы бос электрон-дар каталитикалық активтіліктің бгсты себепкері деген пікірді кезінде бірінші болыи А. В. Писаржезский және оның шәкірттері ұсынған болатын. Катализаторлардкн. беткі қабатыньщ электрлік қасиеті оған адсорбцияланған немесе бағытталған молекулалар-дың химиялық байланысын әлсіретеді.
Әрекеттесетін реагент пен катализатордың сипатьша орай электрондық теория тұрғысынан барлық каталнттік реакцнялар тотығу-тотықсыздану және қышқылды-негіздік болып бөлінеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында электрондар катализатор-дан реагентке не реагенттен катализаторға ауысады. Бұл топка жататын тотығу-тотықсыздану реакдиялары тек темір, никель, мыс, мырыш, күміс, платина және т. б. металдардың тікелей қатысуымен катализденеді. Сондай-ақ мұндай каталиттік реакциялар жартылай өткізгіштерді катализатор етіп қолданғанда да кездеседі.
Қышқылды-негіздік реакциялардағы катализ протондардың. ауысуымен жүзеге асады. Мұндай реакцияларда катализатор ретінде әртүрлі металл оксидтері, күшті қышқылдар мен негіздер-қолданылады.
Кейбір тәжірибе жұмыстарында катализаторлардың меншікті активтілік беттері олардың химиялық құрамынан едәуір тәуелді болатыны дәлелденген. Сол секілді катализаторлардын химиялық құрамы беткі қабаттағы аралық қосылыстардың түзілу және ыдырау жылдамдығын анықтайды және осыған орай меншікті беттік активтілікті де көрсетеді.
Н. Н. Семеновтың жұмыстарындағы гетерогенді каталиттік реакциялар беткі қабаттағы радикалды тізбекті реакциялар ретінде қарастырылады және ондағы катализаторлар бос радикалша әсер етеді, сөйтіп тізбек пайда болады. Мысалы 2СО + Ог = = 2СОг. Егер осы реакцияға су буын қолданса, реакция жылдамдығы едәуір артады екен. Бұған басты себеп, су буы гидроксил және сутек иондарына ыдырайды, ал осы бос валенттіліктегі радикалдар реакцияны жылдамдатады:

Органикалык реакцияларда кездесетін катализді де осы электрондық теория тұрғысынан түсіндіруге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет