Орындаған:Құрманбаев Дәулет АС-20-4К
Бос уақыт – жұмыстан, қызметтен, еңбектен, оқудан тыс демалатын кез. Бос уақыттың басты қасиеті сырттан нұсқау тілемейтін, әр адамның жеке – байлығы. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген адамдарды толғандырада. Ол ең алдымен адамның өзіне, оның рухани қажетіне және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Әр адамның музыкаға, әдебиетке, спортқа тағы басқаларға ықыласты болуы мүмкін. Адамдардың қызығушылығын ескере отырып әлеуметтік мәдени мекемелерінде, мектептерде, оқу орындарында түрлі іс шаралар ұйымдастыруға болады. Олар адамды шығармашылыққа баулиды, рухани өсіреді, салауаттылық пен сауаттылыққа тәрбиелеп, тіпті жай ғана тынығып, сергуіне әсер етеді. Бос уақытты ұйымдастырудың түрлері өте көп, мысалы: кештер, ойын-сауықтар, жарыстар, фестивальдар, серуендер, т.б
- «Бос уақыт» - маңызды рөлдерді, қызықты іс-әрекеттер түрлерін еркін таңдау арқылы әр тұлғаның дарындылығын шыңдау, рухани өсуіне жағдай туғызу уақыты.
- «Бос уақыт»- жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт.
- «Бос уақыт»- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және физиологиялық даму, бос уақытты белсенді демалыс сауықтыру уақытына айналдыру, мәдени деңгейін көтеру, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өз мүмкіншіліктерін іске асырудың факторы болып табылады.
Бос уақытты тиімді пайдалану мәдениеті оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастырудан ғана емес, күнделікті осы әрекеттің мазмұнын, формаларын дұрыс таңдаудан, танып, білуге деген қатынасынан тұрады.
- Әдебиеттерде «шұғылданымпаздылық» адамдардың демалыс пен ойын сауыққа, өздігінен білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ақыл-ой, эстетикалық қимылдық іс-әрекеттері деп түсіндіріледі.
- Шұғылданымпаздылық ұғымына берілетін түсініктерді төмендегідей төрт түрге бөлуге болады.
- Бірінші, шұғылданымпаздылық- қол бос уақыт, сайрандау, іс бастылықтан бос кеңістік.
- Екінші, шұғылданымпаздылық эрекетсіздік, демалыс , жұмысістеуге қарама –қарсы ұғым;
- Үшіншіден, шұғылданымпаздылық – сапа, қасиет – қабілеттілік, шеберлік;
- Төртінші, шұғылданымпаздылық- адамдардың жұмыс пен оқудан бос қалыптағы жағдайы.
- "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағына береді.
Этикет-ерекше жағдайлар үшін белгіленген мінез-құлық ережелері. (В.В.Репкин)
Этикет-белгіленген, қабылданған мінез-құлық тәртібі, Сыпайы болу формалары. (С.И. Ожегов)
Этикет тарихы "этикет" сөзі алғаш рет Франция королі Луи 14-ші (1638-1715) сотында қонақтарға қалай ұстау керектігі туралы карточкалар (жапсырмалар) таратылған кезде қолданылған.
- Көбірек тыңдаңыз,аз сөйлеңіз!
- Жасауға уәде бердің-жаса!
- Қолыңыздан келмесе-уәде бермеңіз!
- Бай болмасам да, қонаққа қуаныштымын!
- Адамды құрметтей отырып, өзіңді құрметтейсің!
- Кез-келген жағдайда, басқа адамды есте сақтап,оған құрметсіздікке жол бермеу, оған зиян келтірмеу, оны ыңғайсыз жағдайға қоймау, ренжітпеу маңызды.
- Риясыз болу керек-жасаған ісіңіз үшін алғыс білдіруді талап етпеу керек.
- Этикет ережелері оларды білуге және түсінуге көп күш жұмсамайды.Оларды әдетке айналдыру үшін оларды сақтау үшін күш қажет.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |