Бірнеше қарапайым реакциялардан тұратын реакцияны күрделі реакция деп атайды.
Параллель реакциялар. Егер реакцияға түсетін алғашқы зат бip, екі және одан да көп бағытта әрекеттесетін болса, онда мұндай реакцияны параллель реакция немесе қатар жүретін реакциялар деп атайды.
Мұндай реакциялардың мысалы ретінде бертолет тұзының ыдырау реакциясын келтіруге болады:
Ең қарапайым бірінші ретті қайтымсыз екі параллель реакцияны қарастырайық:
Ең қарапайым бірінші ретті қайтымсыз екі параллель реакцияны қарастырайық:
мұндағы В–С затын алу реакциясындағы аралық өнім; k1 және k2 – реакцияның екі сатысының жылдамдық константалары. Бұл екі сатыдан тұратын тізбектелген реакцияның схемасы бойынша әр сатыда жүретін реакция–мономолекулалық. Жалпы жағдайда тізбектелген реакцияларда сатыларының саны екіден көп болуы және сатыларының әрқайсысы мономолекулалық емес, одан да күрделі болуы мүмкін.
Тізбектелген реакциялар практикада жиі кездеседі. Олардың қарапайым мысалы ретінде дикарбон қышқылдарының күрделі эфирлерінің гидролизін, атап айтқанда диэтилоксалаттың (қымыздық қышқылының диэтил эфирінің) екі сатыда сілтімен сабындануын келтіруге болады:

Тізбектелген реакциялардың кинетикасы күрделі болатындықтан, оны толық қарастырмай, айта кететін жәйт: егер сатыларының біреуінің жылдамдығы басқаларына қарағанда баяу болса, онда реакцияның жалпы жылдамдығы сол баяу жүретін сатысының жылдамдығымен анықталады.